Ислам және отбасы

Ана ретінде әйелдің міндеттерінің бірі – бала тәрбиесі

 

Исламда ананы құрметтеу мен бағалау — егіз ұғымдар. Құран Аллаға бойұсынудан кейінгі бірінші орында ата-анамен көркем қарым-қатынас жасауды бұйырады: «Және сенің Раббың Одан басқа ешкімге табынбауды және ата-анамен көркем қарым-қатынас жасауды бұйырды. Егер олардың біріне немесе екеуіне кәрілік келсе, оларға «Туф» деме және дауыс көтерме, олармен көркем сөйлес» (Бәни Исраил сүресі, 23 аят).

  Балаларының ата-анасын құрметтеуі – отбасының беріктігі мен рухани саулығының белгісі. «Адам баласына әке-шешесіне жақсылық істеуді нұсқадық. Өйткені шешесі оны зорға көтеріп, әрең босанады. Сондай-ақ оған жүкті болу, (сүттен) айыру отыз ай. Ақыр ол, ержетіп, қырық жасқа ұласқан кезде: «Раббым! Өзіме, әке-шешеме берген нығметтеріңе шүкірлік етуімді, өзің разы болатын түзу амал істеуімді маған нәсіп ете гөр! Менің ұрпақтарымды да түзелт. Шын мәнінде, мен тәубе қылдым. Әрине, мен бойұсынушыларданмын» (Ахкаф сүресі, 15 аят).

  Исламда ана қадірленген және құрметтелген. Алланың Елшісі Мұхамед (с.ғ.с.) анаға асқан құрмет, жақсылық, қамқорлық, кеңпейілдік көрсетуге шақырған. Әбу Хурайра (оған Алла разы болсын) жеткізген рауаятта айтылады: Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) бір адам келіп: «О Алланың елшісі, адамдардың ішінде жақсылық жасауыма ең лайықтысы кім?»- деп сұрады. Алланың Елшісі: «Анаң» деп жауап берді. Ол «Одан кейінгісі кім?» — деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «анаң» — деді. Әлгі адам сұрады: «Одан кейін жақсылық жасауыма лайықтысы кім?». Оған ол тағы да «анаң» деп жауап қайтарды. Ол тағы да «Одан кейінгісі кім?» деді. Сонда ғана Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Әкең» — деп жауап берді (Сахих, Бухари, № 5971). Пайғамбарымыздың бұл хадисі (с.ғ.с.) баланың анасымен қарым-қатынасындағы міндеті әкесіне қарағанда жоғары, әкесінен гөрі анасының балаларымен қарым-қатынасындағы құқығы, балалары үшін жауапкершілігі артығырақ екеніне куәлік етеді. Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде «Жұмақ – ананың аяғының астында» деп айтылған (Сахих, Муслим). 

  Әйелдің ана ретіндегі міндеттерінің бірі – бала тәрбиесі болып табылады. Алайда балаға қомқорлық жасау тек оның ғана иығындағы жүк емес, сонымен қатар әкесі де баласының тәрбиесіне мұқият көңіл бөлуі тиіс. Осыған байланысты мына хадисті «Әй мүміндер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар. Оның басындағы періштелер жуан денелі, қатал. Олар Алланың өздеріне берген әмірлеріне қарсы келмейді. Не бұйырылса, соны орындайды» (Тахрим сүресі, 6 аят), сонымен қатар Пайғамбарымыздың хадисін (с.ғ.с.) «Әкес інің баласына жасаған жақсылықтарының ең бағалысы – жақсы тәрбие» (Сунан,Тирмизи, №1952) келтіруге болады.

 

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close