Ғибратты әңгімелер

Әбу Ханифаның өмірлік өсиеті

– Ең алдымен білім ізденуге тырыс. Кейін дүниелік несібеңді алу үшін жұмыс жаса. Содан кейін ғана өмірлік жар табуға болады. Ал, егер бірінші дүниелік несібеңді, байлықты көздесең, білім алуға уақыт таппай қаласың және білімсіз тапқан байлық сені сараңдыққа жетелеп, көзіңді шел басады. Егер біліммен қатар байлықты тапсаң отбасын құр және әйеліңе жақсы қара.

Есіңде болсын, әрдайым Алладан қорқуда бол. Адамдарға жақсылық жаса, өзгелерге құрметпен қара, олардың арасында әділ бол.

Адамдармен аз қатынас жаса, ал, егер олар саған келсе, қатынасыңды жақсарт және кез келген отырыс барысында фиқһ мәселелерін талқылауды әдетке айналдыр. Себебі, егер араларыңда ілімге құштары болса қызығушылық танытып ілім жолына түседі, ал қызығушылығы болмағандар әрдайым саған деген құрметте болады, деген.

Жалғас АСХАТҰЛЫ

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close