ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Зират және зиярат мәдениеті» құжаты аясында «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының кезекті жиналысын өткізді.
Елорда бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы Астана өкілдігі бойынша аталған мәселеге жауапты имамдардың ұсыныс-пікірін тыңдап, зират және зиярат мәдениетін бірізділікке түсіруге арналған бірқатар тапсырмалар берді. «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне арналған жадынама таратылып, жаназа рәсімдеріне қатысты қажетті ақпараттар берілді.