Сенбі, 10 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Зират және зиярат мәдениеті» құжаты бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

25.05.2023
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
494
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы ауданында «Зират және зиярат мәдениеті» құжаты бойынша түсіндіру жұмыстары өтті.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы имамдардың республикалық ІV форумында қабірлерді тұрғызудың және оны зиярат етудің халыққа ортақ әдебін қалыптастыру мақсатында «Зират және зиярат мәдениеті» құжатын қабылдаған болатын.

Аталмыш құжатты халық арасында кеңінен насихаттап, жерлеу рәсімдерін бір ізділікке түсіру мақсатында ұйымдастырылған шараға Қарағанды облысы бойынша дін істері басқармасының басшысы Жанболат Ахуанұлы, Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы, Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Дархан Сәулеханұлы,Қарқаралы ауданына қарасты елді-мекендердің әкімдері мен имамдары, аймақтың құрметті ақсақалдары, зиялы қауым өкілдері және жергілікті тұрғындары қатысты.

Жиында сөз бастаған облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы аймақ тұрғындарына аталмыш құжатты қабылдаудың негізгі мән – мақсатын жеткізіп, жерлеу мәселесі бойынша жиын қатысушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ақын Темірхан Медетбек өмірден озды

Ақын Темірхан Медетбек өмірден озды

10.05.2025
Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?

Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?

09.05.2025

«Бұл құжатты қабылдаудағы басты себеп –діни рәсімдердің шариғат талаптарына сәйкес келмейтін өзгерістерге ұшырауы. Соңғы уақыттарда қабір басына құлпытас ретінде үлкен ескерткіштер мен зәулім қоршаулар орнатылуда. Мұндай келеңсіз жағдайлар ел арасында түсінбеушілік тудырып жатқаны белгілі. Бұл ретте шариғатымыз зираттарды сәндеуді, үлкен ескерткіштер орнатуды талап етпейтінін баса айтып кеткім келеді.

Зират көтерудің негізгі мақсаты қайтыс болған марқұмның есімі мен жатқан жерін белгілеу екенін ұмытпаған абзал.

Зират пен зиярат мәдениетінің баршаға ортақ үлгісін барлық аймақта қалыптастыру мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан халыққа діни-салттық қызмет көрсететін «Қамқор-шарапат» салттық қызмет көрсету орталығы  ашылған болатын. Мақсаты –елімізде зират көтеру, жерлеу, қабірді зиярат ету сынды діни рәсімдерді бір жүйеге келтіру, бұл мәселе бойынша халық арасында түсінбеушілік жағдайды болдырмау. Осы ретте дініміз бен дәстүріміздің барша жанашырларын осынау игі ісіміз бен ізгі бастамамызға қолдау білдіріп, үлес қосуға үндеймін. Бірлігімізді білдіріп, татулығымызды танытайық, ағайын!» деді облыс бас имамы.

Өз кезегінде аймақ тұрғындары зират басын көтеру  мәселесі бойынша халық арасында орын алып жатқан түйіткілді мәселеге тұшымды жауап алып, қабылданған құжаттағы шариғат талаптарымен таныс болды.

Айта кетейік, Қарқаралы ауданынан «Қамқор – Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығына арнайы 5 гектар жер бөлінген болатын. Алдағы уақытта аймақта марқұмдарды  жерлеу рәсімін  шариғат талаптары бойынша жүзеге асыру қолған алынбақ.

Салттық қызмет көрсету орталығының алдағы бастамасы мен  қызметіне  аудан тұрғындары қолдау білдіріп, ҚМДБ шешімін бір ауыздан мақұлдап отыр. Сондай-ақ облыс бас имамы жерлеу рәсімдерін «Зират және зиярат» мәдениеті құжаты бойынша жүзеге асыруды діни басқарма ешкімге міндеттеп жүктемейтінін, яғни, әр адам ерікті түрде орындай алатындығын тілге тиек етті.

Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы ауданы тұрғындарының, зиялы қауым өкілдерімен және құрметті ақсақалдарының қатысуымен  өткен бүгінгі түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде аймақтағы діни рәсімдер «Қамқор Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының жобасы бойынша жүзеге асырылатын болды. Яғни, аймақ тұрғындары зират басын көтеру және жерлеу рәсімдерін бір ізділікпен жүзеге асыру жобасына қолдау білдіріп, дін мен дәстүр сабақтасқан игі бастамаға үн қосатындарын жеткізді.

Ауданнан «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығына бөлінген қорым қабірді қазып, марқұмды жерлеуге қажетті барлық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

Қазіргі уақытта қорымға жерленетін марқұмдарға ортақ қоршау орнатылған. Сондай-ақ, әр зираттың басына марқұмның аты-жөні жазылған белгітас қойылып, зират биіктігі тізе тұсына дейін көтерілмек.   Діни рәсімді дәл осы шариғат талаптары бойынша жүзеге асыруды қолға алғалы жатқан орталыққа аймақ халқы қолдау білдіріп отыр.

Не арқылы: https://www.muftyat.kz/
Таңбалар: зиратзиярат
Бөлісу12Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Қабір үстіне бейіт, кесене салуға бола ма?

15.04.2025
Мұсылман зираттары цифрландырылды
Жаңалықтар

Мұсылман зираттары цифрландырылды

09.01.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қоғамдағы әйелдің орны талқыланды

Қоғамдағы әйелдің орны талқыланды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    73944 бөлісті
    Бөлісу 29578 Твитерге 18486
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2458 бөлісті
    Бөлісу 983 Твитерге 615

Соңғы жарияланымдар

Ақын Темірхан Медетбек өмірден озды
Жаңалықтар

Ақын Темірхан Медетбек өмірден озды

10.05.2025
Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?
Қоғам

Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?

09.05.2025
Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер
Қоғам

Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер

09.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою