Павлодар облысында алғаш рет жол бойында намазхана ашылды. Нақтылап айтар болсақ, Астана-Семей трассасы бойындағы Аққулы ауданына қарасты Тұзқала аулы жанынан жол бойына жаңадан намазхана бой көтерді.
«Өтіп бара жатқан жолаушыларға ыңғайлы болу үшін, намазын қаза етпеу үшін, намазын өз уақытында өтеу үшін ауыл жамағатының көмегі, демеушілігімен осы намазхана ашылып, ресми түрде тіркелді. Бұдан былай жол бойында келе жатқан жолаушылар үшін намазын уақытылы оқып кетуіне жеңіл болады» дейді облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы.