Сұрақ: «Жиһад» сөзінің шынайы мағынасы қандай?
Жауап: «Жиһад» – араб сөзі. Жиһад деп Алланың ризалығына бөлену үшін мұсылманның Алла жолында сарп қылған түрлі амалдарын айтамыз.
Жиһад – құлшылықтың бір түрі. Сондықтан мұсылман адамның өзін тәрбиелеу, білім алу, отбасына нәпақа табу және туыстарымен қарым-қатынасын жақсарту сияқты көптеген амалдары үшін тер төгуі, жасаған еңбегі, көрсеткен жігері – Алла жолындағы күрес, яғни жиһад.
Бір күні Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ұрыстан қайтып кел жатады. Бұл шайқас жер бетінде мұсылман дінінің қалатынын немесе қалмайтынын білдіретін шешуші ұрыс болатын. Сонымен мұсылмандар жеңіп, ауыр соғыстан қайтты. Жол үстінде сахабалардың бірі:
–Уа, Алланың елшісі, енді бұдан асқан ауыр соғыс жоқ шығар? (яғни, мұсылман діні жер жер бетінде қалатын болды) деген оймен сұрайды. Сонда Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
– Қателесесің. Бұдан да ауыр соғыс бар. Ол – жиһад әл-акбар (ең үлкен соғыс) – адамның өзімен-өзі күресі. Егер адам әдеттегі соғыста дене мүшесінен, мал-мүлкінен айырылу қаупі болса, нәпсі күресінде – адамның мәңгілік, ақырет өмірінен айырылу қаупі бар, – деп жауап береді.
Сол себепті исламда әдетте «жиһад» деген уақытта нәпсі тәрбиесін көздейді. Бұл «соғыс» адам баласының бойында ғұмырының соңына дейін жалғасады.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ