2022 жылдың 12 тамыз күні «Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Ақтау қаласында орналасқан ҚАЖД ГМ-172/10 мекемесіндегі экстремизм және терроризм баптары бойынша жазасын өтеушілер арасында «Ұлттық құндылықтар – ұлт ұстыны» тақырыбында викториналық ойын ұйымдастырылды.
Шараны теолог Газимов Нұрлан мен психолог маман Мухамбетова Динара жүргізді. Шара барысында ұлттық құндылықтар, қазақ халқының ұлы тұлғалары, ұлттық код, дәстүр, тарих, дәстүрлі исламдағы атақты дін ғұламалары, мәдени мұралар және т.б. тақырыптарда ойындардан сынға түсіп, викториналық сұрақтарға жауап берді.
Шараны мекеменің теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру тобының аға инспекторы әділет лейтенанты Құламанов Смағұл Садуақасұлы ашып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ой үстіндегі тартыс деп аталатын сайысқа жазасын өтеушілер ерекше белсенділіктерін көрсетті. Олар бар ынта- жігерін салып, шеберліктері мен ой ұшқырларын көрсете білді. Мықтылық білекте емес, білімде екендерін паш етіп, интеллектуалдылық тұрғысынан өздерінің осал еместігін көрсетті.
Сайыс соңында жеңімпаздарға «Кемел адам» кітаптары және тәттілер сыйға берілді. Сайысқа қатысқан жазасын өтеушілер шараны ұйымдастырушы мекеме қызметкерлері мен психолог. теологтарға алғысын айтты.