Сейсенбі, 23 Қыркүйек, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Жат діни ағым жарға жығады»

18.10.2023
- Ағымдар ақиқаты, Таңдаулы
0
534
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Алыс жол… Ел-жұрттың барлығы дүйім тып-тыныш демалып жатыр, тек поездың дүрс-дүрс еткен дыбысы мазаны алуда. Үйіме аман-есен жеткенімше алда әлі бірнеше сағаттар бар.

Алдағы аялдамаға поезд тоқтады. Поездға анасымен бір қыз бала кірді. Анасы баласының бетінен сүйіп, ақылын айтып, қимастықпен шығарып салды. Анасының көзінен мұң байқалады…

Қыз баланың басындағы орамалынан иман жүзді, шырайлы, ақ құба, ұлты аралас секілді көрінді. Мен жаққа қайта-қайта қарап, босымдағы орамалды жылы тартқаныма, бірдеңе сұрағысы келген кейіп танытты…

Біраз уақыттан соң әңгімеміз жараса кетті. Әкесі – қазақ, анасы – орыс екен, яғни метиспін деп жауап берді. «Әә дөп түсіппін» – деп ішімнен отыра бердім. Жоғарғы оқу орнынында оқитынын және өзінің өмірі жайлы әңгімесін жалғастырды.

Иманды интернеттен іздегендер

Иманды интернеттен іздегендер

23.09.2025
«Өмір ағашы»: бірлік пен үндестіктің символы

«Өмір ағашы»: бірлік пен үндестіктің символы

23.09.2025

«Аллаға шүкір метис болсам да дінім ислам, орамал тағамын. Негізі қара киініп, қара орамал таққаныма әке-шешем қарсы болып біраз алысты» ақыры мен дегеніме жеттім деп мырс күлді. Қарсылықтарын білдірсе де әке-шешем ұнатпаған жігітке тұрмысқа шықтым. Тұрмыс құрған адамы өзге ұлттың өкілі…

Сүйген жары қыз баланың өміріне діни көз қарасы мен жүріс-тұрысы, киіну үлгісіне әсер еткендігі көрініп тұр.

Біраз үнсіздіктен кейін өзінің ақылы оқуда оқитынын, қалада пәтерінің бар екенін, ата-анасының қаражат жағынан еш қиындық көрсетпейтінін айтып мақтанып қалды. Әрине, әке-шеше баласына бұл дүниеде барын, нәрін беріп, еш аянбай, барынша қолдайды ғой.

Қазақта: Мейрімі мол ананың —

Жүрегі жылы, қолы кең.

Кең пейілді атаның

Жүзі жылы, жолы кең – деген мақал да осыны растайды.

  • Ата-анаң дінге жақын ба? – деп мен де әңгімеге тарттым.
  • Әкемнің діні ислам, анам христиан – деп жауап қатып, соңында бірақ екеуі де «кәпірлер» деген сөзі төбемнен мұздай суды құйып жібергендей болды.
  • «Қалай, неге, не істеп қойды?» – деген сұрақтармен одан әрі тереңдей сұрастыра бастадым.
  • Олар намаз оқымайды, шариғатттың заңдарын ұстанбайды, доңыздың етін жейді деп кесіп айтты.

Үнсіздік… Мына қыз не деп кетті… Айтарға сөзім жоқ…

Жол қысқарады деп әңгіме айтып едік, ақыр аяғы не болғанын түсінбей қалдым…

Жоғарыда айтып өткеніндей әке-шешесі таңнан кешке аянбай еңбек етіп, осы бір қызымыздың көзін жәудіретпей, қолын ешкімге жайғызбай, сұрағанын уақтылы әперейікші деп…

Жәәә… ол материалдық қажеттілік… Әке-шешесін әрекеттеріне қарсы шығып, ақыры дегеніме жеттім деген мақтаныш сезімде. Аспаннан салбырап түскендей!

Анасының тоғыз ай, тоғыз күн көтеріп, «Ананың бір өлімі баладан» – дейтін бе еді қазағым. Баласын өсіріп, жеткізіп, тәлім-тәрбие беріп, оңы мен солын танытқан ата-анасы емес пе еді?

Балама сана бер, сана бермесең ала бер – деуші еді баяғыда әжем марқұм.

Қой терісін жамылған қасқырға ұқсаған без бүйрек қыздың әрекеті қатты қынжылтты. Осындай діннен сауаты жоқ қыздардың әрекетін көрген кез келген ата-ана діннен жиіркеніп, жек көреді де!. Басқа амалдары бар ма?…

Ата-бабамыздың ұстанып келе жатқан дәстүрлі дініміз қашанда көркем мінез бен үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйретіп, түп санамызға әбден сіңірген.

Ислам тарихына үңілсек Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзі өмірден мүшрік болып өткен көкесі  Әбу Тәліпті өмірінің соңына дейін дінге келуін қалап, сабыр сақтап, дұға етіп  сырт айналмаған. Бұл әрекеттің өзі біз үшін баға жетпес үлгі. Дінде ешқандайда зорлық жоқ. Әрбір адам қалауынша, біліміне, сеніміне қарай өз деңгейінде құлшылығын жасайды. Бұл өмірде қалай, кім болып, қандай рөлді сомдап жүретінін өзі біледі. Ешкім сіз бен бізден ақыл кеңес, өмір сүрудің жолын сұрап артымыздан ілеспейді.

Жол серігім болған қыздың санасын әбден улаған діннің дәстүрлі діннен алыс екенін, керісінше ұлтынан, ата-анасының тәрбиесінен безіп, дұрыс емес бағытта жүргендігі «Жат діни ағым жарға жығады» деген сөздің дәлелі.

Осы уақытқа дейін жат діннің жетегінен кетіп жатқан қара көз бауырларымызды көріп те, естіп те жүрміз. Сол бауырларымыздың қайсы бірін  алсақ та тағдырының тас талқаны шығып, санасын дұрыс емес идеологиямен улап қоғамнан, елінен, жерінен безіп, сатқындық жасап, ақыр аяғы түзету колонияларында жазаларын өтеп, майданда қаза тауып жатыр. Ойлаңызшы кішкентай дұрыс емес сенімнің ақыры қандай үлкен өкініштерге әкеледі.

Әрбір адамның тағдыры өз қолында. Кім қалай өмір сүрсе, еш күмәнсіз жемісін өзі көретін болады. Санамызды дұрыс емес идеологиялар мен сенімдерден таза ұстағанымыз абзал. Ата-бабамыз қалдырған дәстүрлі дініміздің бауына берік болсақ қана біз ел боп, тұлға боп ала алмайтын қамал, аса алмайтын асуымыз болмайды.

Алпысбаева Назым Сейтхановна

Психолог

Таңбалар: жат діни ағымдар
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Тәжікстан: ұлттық мәдениетке жат киімдерге тыйым салынды
Жаңалықтар

Тәжікстан: ұлттық мәдениетке жат киімдерге тыйым салынды

21.06.2024
Ағымдар ақиқаты

Жат ағымнан сақтану жолы – білім іздеу

03.06.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Мысыр: Пәтуа берудің сын-қатерлері жайында конференция басталды

Мысыр: Пәтуа берудің сын-қатерлері жайында конференция басталды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Иманды интернеттен іздегендер
Видео

Иманды интернеттен іздегендер

23.09.2025
Шұлыққа мәсіх тартуға бола ма?
Сұрақ-жауап

Шұлыққа мәсіх тартуға бола ма?

23.09.2025
«Өмір ағашы»: бірлік пен үндестіктің символы
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

«Өмір ағашы»: бірлік пен үндестіктің символы

23.09.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою