Теріс ағымдағы азаматтардың басқаларды өз қатарларына тарту үшін жасайтын амалдарының бірі – дүниемен, ақшамен қызықтыру. Қазір олар еліміздің көп қаласында сауда нүктелерін ашып алған. Өз қатарына адамды «жұмыс тауып береміз», «үй береміз», «өмірлік қосағыңды тауып береміз» деп шақырады. Өкінішке қарай, көп жастарымыз сол арбауға ілесіп, теріс ағымның қолшоқпары болып кетіп жатыр.