Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты елді мекенінде бой көтерген жаңа мешіттің ашылуы рәсімінен кейін жергілікті батагөй ақсақалдармен дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу, жастар тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды насихаттау сынды мәселелер төңірегінде пікір алмасты.
«Сіздер жастарға баталарыңызды беріп, игі істің басы-қасында болып, ақыл-кеңестеріңізді айта жүрсеңіздер нұр үстіне нұр болады. Алла Тағала дендеріңізге күш-қуат берсін» деді.
Ақсақалдар Бас мүфтиге батасын беріп, сапарына сәттілік тілеп, игі ниеттерін жеткізді.