Бейсенбі, 1 Маусым, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жастардың діни дүниетанымын кеңейтуіне үлкен мән беруіміз керек – Қайрат Құрманбаев

31.07.2022
- Сұхбат, Таңдаулы
0
236
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Дінді ғылыми негізде зерттемегендер қоғамда діни қақтығыстарға тап болуы мүмкін. Нұр-Мубарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев діни тұрақсызыдықты алдын алу үшін бірнеше кешенді жұмыстардың түрлерін айтып берді.

Қайрат аға, діни қақтығыстарды алдын алудың қандай жолдарын айтып бере аласыз?

Дін ұстанушылар арасында пікір плюрализмі қай кезеңде де болған. Бұл ислам дініне ғана тән құбылыс емес. Діндер тарихынан пікір алуандылық кейде пікірталасқа, ал пікірталас қарама-қайшылықтарға, қақтығыстарға алып келгендігін көре аламыз. Қоғамда қақтығыстарға жол бермей, тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін мемлекет, қоғам тарапынан кешенді жұмыстар жасалуы тиіс.

Мемлекеттік деңгейде: діни тұрақсыздық қоғамның саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуына кері әсерін тигізетіндігін түсінуіміз қажет; дінге радикализм, терроризм, экстремизм, салафизм секілді «измдердің» алдын алу тұрғысында ғана қаралмауы керек; дін және діни білім беру саласы мемлекет тарапынан толыққанды қаржыландырылуы қажет;

Қоғамдық деңгейде: қоғамда исламофобияның өршуіне жол берілмеуіне, отбасы институтына, жастардың интеллектуалды-рационалды тұрғыда жетілуіне, діни-рухани дұрыс бағыт-бағдар беруге ерекше көңіл бөлінуі қажет.

Діни-теологиялық тұрғыда: барлық дін, ағым, көзқарас өкілдеріне ортақ құндылықтарды насихаттау, діннің өміршеңдігі, ақыл мен нақылдың арақатынасы мен рационалды ислам түсіндірілуі маңызды.

Қазіргі таңда дін ілімдерін, негіздерін, тарихын оқытудың қандай қажеттілігі бар?

АЛЖИР: Азалы жылдар жаңғырығы

АЛЖИР: Азалы жылдар жаңғырығы

31.05.2023
Түрмеден берілген тапсырма

Түрмеден берілген тапсырма

31.05.2023

Дін – өркениет пен мәдениеттің өзегі. Адамзат тарихындағы қайсібір өркениетті дұрысты-бұрысты дінсіз, наным-сенімсіз елестете алмаймыз. Сондай-ақ хақ дін бірінші кезекте ғылымға, білімге шақырады. Сондықтан дінді түсіну, оқыту маңызына ие. Дінді ғылыми негізде зерттемегендер экстремистік топтардың құрбанына айналуы мүмкін. Яғни біржақты діни көзқарас қалыптасқандықтан,  радикалдануға бейім болып келеді. Сол үшін дін негіздерін, тарихын жан-жақты зерттеу барысында ғана тұлғаның діни дүниетанымы артып, діннің қоғамдағы орны, адамдар арасындағы  қатынастарды реттеудегі маңыздылығы айқындалады.

Қазақстан қоғамының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін халықтың басым бөлігі дәстүрлі діни танымға ие болуы шарт. Біртұтастық сақталуы үшін діни танымның негіздері ортақ болуы қажет. Сол себепті қазақ халқы мың жылдан бері келе жатқан дәстүрлі дініміздің негіздері мен тарихын танып білуі өте маңызды. Діни тұрғыда бір қоғамда әртүрліліктің (плюрализм) орын алуы ол қоғамның тұтастығына жарықшақ түсіретіні айтпаса да түсінікті.

Жаһандану процессі тоқтаусыз жүріп жатқан бүгінгі таңда ауызбіршілігі сақталған елдердің ғана тәуелсіздігіне төнген қауіп деңгейі төмен. Ал саяси және рухани тұтастығын сақтауға немқұрайлы қараған елдердің шаңырағы шайқалып, әлеуметтік-экономикалық тұрғыда құлдырауға ұшырауда. Сондықтан, Қазақстан қоғамының діни тұрғыда нәрленетін қайнар көздері Қазақ халқының дәстүрлі діни танымын ғылыми тұрғыда зерттеу, оқыту маңызды.

Қазіргі жастар діннің өзектілігін дұрыс түсініп жүр ме?

Дін – ұлттың ұлт болып ұйысуы үшін маңызды. Ислам дінінің құндылықтары салт-санамызға сінген. Яғни сүннет салтымызға, хадис ғұрпымызға айналған десек артық айтпаймыз. Қазіргі таңда ата дінімізді ғылыми негізде үйрену, білу маңызды. Соны түсінген жастардың қатары күн сайын артып келеді.

Әңгімелескен – Балжан ӘБДІРАШ

 

Тегтер: Діни қақтығысҚайрат Құрманбаев
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

ҚМДБ – дұрыс діннің бағдаршамы
Видео

ҚМДБ – дұрыс діннің бағдаршамы

16.02.2023
Радикализмнің алдын алудағы дінтану білімінің рөлі
Жаңалықтар

Радикализмнің алдын алудағы дінтану білімінің рөлі

15.12.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Мұсылман әйелі балтамен қаруланған тонаушыны шүберекпен қуып шықты

Мұсылман әйелі балтамен қаруланған тонаушыны шүберекпен қуып шықты

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    6651 рет бөліскен
    Бөлісу 2660 Твитерге 1663
  • Дұрыс дұға жасау әдебі

    4348 рет бөліскен
    Бөлісу 1737 Твитерге 1086
  • Духа намазы қалай оқылады?

    1437 рет бөліскен
    Бөлісу 574 Твитерге 359
  • Сүннет болған намаздардың да қазасы өтеліуі тиіс пе? Ниет қалай етіледі?

    1483 рет бөліскен
    Бөлісу 593 Твитерге 371

Соңғы жарияланымдар

АЛЖИР: Азалы жылдар жаңғырығы

31.05.2023
0
АЛЖИР: Азалы жылдар жаңғырығы

Толығырақ оқу

Түрмеден берілген тапсырма

31.05.2023
0
Түрмеден берілген тапсырма

Толығырақ оқу

Зәуреш ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ: Саяси құғын-сүргін құрбандары толық ақталған жоқ

31.05.2023
0
Зәуреш ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ: Саяси құғын-сүргін құрбандары толық ақталған жоқ

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00