Жамбыл облысы прокуратурасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 2022 жылдың 7 қараша күні Талас ауданы Қаратау қаласы “Қаратау бизнес колледжі” студенттері арасында “Жастар арасында дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары” тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге Жамбыл облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Берлібай Жүсіп, аудан прокуратурасының прокуроры Дидар Краубеков, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысының м.а. Махмуд Аябекұлы және республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, теология ғылымдарының докторанты Азамат Нұғманұлы қатысты.
Семинардың басында және соңында «Діни сауаттылықты арттыру және діни радикализм қаупін ажырату» бойынша қатысушылардың білімдерін тексеруге арналған тест алынды.
Іс-шараның басында олардың 25% ғана сұрақтарға дұрыс жауап берсе, соңғы тестте бұл көрсеткіш 85%-ды құрады.
Деструктивті діни ағымдардың белгілері, олардың діни кошбасшылары, сондай-ақ радикалды идеологтардың дәрістерінде көп қолданылатын «бидғат, такфир, мүшрик, ширк» сөздерінің дәстүрлі ислам тұрғысынан дұрыс анықтамалары берілді.
Шара барысында егер дін қоғамда өзінің функциясын дұрыс атқарса, онда ол елде тыныштық, бейбітшілік орнайды. Алайда, қазіргі таңда елімізде түрлі теріс бағыттағы діни ағымдар баршылық. Бұлардың негізгі мақсаты халықтың ынтымағын бұзу.
Діни шиеленіс қоғам үшін қауіп төндіретін, азаматтардың денсаулығына, психикалық және әлеуметтік жағдайына нұқсан келтіретін, өздерінің діни қалауы мен көзқарасын мемлекеттің зайырлылық қағидаттарына және дәстүрлі рухани құндылықтарға қарсы қоятын, Қазақстан үшін жат құндылықтарды таратушы деструктивті діни ағымдарды ұстанушыларға тән.
Сондай-ақ семинар соңында діни радикалдану – қоғам, мәдениет, ғылым-білім мен өнерден ажыраған кезде бірден пайда болатын құбылыс екені жеткізлді.