Сұрақ: Адамның жасаған ғибадаттары ахиретте өзіне пайдалы бола алады ма?
Жауап: Хадистерде кейбір ғибадаттардың кісіге ахиретте пайдасы болатыны туралы айтылған. Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Құран оқыңдар! Себебі, Құран қыямет күнінде досыңа (оқығанға) шапағатшы болады…»[1] деп, Құран оқудың және онымен амал етудің[2] шапағатқа себеп болатынын айтқан.
Сондай ақ, «Қыямет күнінде ораза және Құран, иесіне шапағат етеді. Ораза «Уа, Раббым мен оны күндіз тамақ жеместен және шаһуаттан тыйдым, маған шапағатшы қыл», дейді және Құран да оған «Мен де оны түн ұйқысынан тыйдым, мені оған шапағатшы қыл» дейді және оған шапағат етеді»[3] – деген хадистер бар.
Сондай-ақ, «Азанды естіген кісі «Кемшіліксіз шақырудың және оқылатын намаздың иесі Алла тағалам! Мұхамедке (с.а.с.) (біздер үшін) араша және үстіндік нәсіп ет. Оны уәде еткен Мақамы-Махмудқа қауыштыр!» десе, қыямет күнінде менің шапағатыма қауышады»[4] деген.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Бір жаназа намазын мұсылмандардан жүз кісіге жеткен қауым қылып оған (одан разы болғандары туралы) шапағат етсе, Алла оларға міндетті түрде шапағат рұқсаты береді»[5] Кейбір хадистерде бұл дерек: «Бір мұсылман қайтыс болғанда серік қоспаған қырық адам оның намазын оқыса, Алла олардың жаназа жөніндегі шапағатын қабыл етеді» деген хадистер, жаназа намаздарында өлген кісі үшін дұға жасаудың, оның жақсы адам болғанын куәлік етудің бір шапағат бола алатыны және Алла дәргейінде қарымын алатыны айтылған.
Бүкіл бұл хадистерде ғибадаттардың адамға шапағатшы болатынына баса назар аударылып, шапағат етілетіндердің ғибадаттарын дұрыс орындағандар болатынын көрсетеді.
Балғабек Мырзаев
[1] НМ22546 Ибн Ханбал, V, 255; М1874 Мүслім, мүсафирин, 252.
[2] ДМ3349 Дарими,фәдаилүл-Құран, 1.
[3] ҺМ6626 Ибн Ханбал, II, 174
[4] В614 Бухари, азан, 8.
[5] М2198 Мүслім, жәнаиз, 58.