Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Сыр еліне жасаған жұмыс сапарында Қызылорда облысы бойынша өткен Құран жаттау және мәнерлеп оқу байқауының 30 пара бойынша бірінші орын иегері Шыңғысхан Садуовқа автокөлік кілтін табыстады.
«Құран – адамзатты шексіз бақытқа жетелейтін, тура жол көрсететін, қияметке дейін өзгермейтін мәңгі мұғжиза. Құран – соңғы пайғамбарлықтың дәлелі, тура діннің үні әрі Ислам шариғатының ата заңы. Құран оқыған адамның бүкіл болмысымен өзгергенін байқайсың.
Аллаға шүкір, Діни басқарма Құран жаттаған қариларымызды қолдау мақсатында жүйелі түрде Құран байқауын өткізіп келеді. Сонымен қатар әр мешітте бір қари қызмет етуі керек деген бастамамыз да бар. Облыстық іріктеуден өткен қариларымызға республикалық жарыстан жүлдемен оралуын тілейміз» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Айта кетсек, облыстық Құран байқауының жеңімпаздары республикалық жарысқа жолдама алады. Ал қазан айында киелі Түркістанда республикалық Құран байқауы өтеді.
Сонымен Қызылорда облысы бойынша өткен Құран байқауының нәтижесі төмендегідей:
«Құран Кәрімді мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша:
1-орын: Сүйіндіков Әбілқайыр (150 000 теңге);
2-орын: Қалабай Бағдаулет (100 000 теңге);
3-орын: Бекмағанбетұлы Бекқожа (70 000 теңге);
«Құранның 10 парасын жатқа оқу» номинациясы бойынша:
1-орын: Қожағұлов Рахымжан (300 000 теңге);
2-орын: Кенебаев Болат (250 000 теңге);
3-орын: Минашов Тасболат (200 000 теңге);
«Құранның 20 парасын жатқа оқу» номинациясы бойынша:
1-орын: Айдаров Абдулқадир (500 000 теңге);
2-орын: Зайтжан Сержан (400 000 теңге);
3-орын: Алтаев Бекзат (300 000 теңге);
«Құранның толық 30 парасын жатқа оқу» номинациясы бойынша:
1-орын: Садуов Шыңғысхан (автокөлік);
2-орын: Қаюпов Ислам (700 000 теңге);
3-орын: Абжалов Азамат (600 000 теңге).