Тарихшы, пәлсапашы Жарас Аханның айтуынша, адам баласы – бұл дүниеде үш шақпен өмір сүретін бірден-бір жаратылыс. Яғни өткен шақ, осы шақ және келер шақ. Жан-жануар тек бүгінгі күнмен өмір сүреді. Біз өткен тарихымызды да естен шығармаймыз және болашағымызды да ойлаймыз. Тіпті өмірден кейін не болады деген сұрақты қоямыз. Осы кезде саналы адамға діннің қажеттілігі туындайды.