Жапония Олимпиада ойындары қарсаңында Токио қаласында төтенше жағдай режимін енгізеді, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
8 шілдеде ел премьері Есихидэ Суга ресми түрде осы шешімді жариялады. Жалпы Олимпиада ойындары көрерменсіз өтуі мүмкін. Медициналық сарапшылардың пікірінше, мұндай шешім COVID-19 індеті кезінде тиімді болмақ.
COVID-19 дертімен күрес бойынша ұсыныстарға сәйкес, дене температурасы 37,5 градустан жоғары көрермендерге жарысты тамашалауға тыйым салынады.
Айта кетейік, Токио Олимпиадасы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Ол 2020 жылдың жазында ұйымдастырылуы керек еді, бірақ пандемияға байланысты кейінге қалдырылды.