Сұрақ: Жануарлар адамның көрмейтінін көре ме?
Жауап: Бүгінгі ғылым жануар түйсігінің адамнан бірнеше есе жоғары екенін дәлелдеп отыр. Мәселен, ит пен мысық, құстар мен жалпы жануарлар жер сілкінісін адамнан бұрын сезеді екен. Дін ислам ертеден кейбір жануарлардың адам көрмейтінді көріп, адам естімейтінді ести алатыны жайында айтады. Кейбір жануарлар тылсым дүниені, періштелерді көреді. Оған қоса, жан-жануарлар қайтқан адамның қабір азабындағы айғайын да ести алады. Бұған пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер түнде иттің үргенін және есектің ақырғанын естісеңдер, Алладан олардан қорғауды сұраңдар, себебі олар сендер көрмейтінді көреді», – деп айтқан сөздері айғақ.
Сонымен қатар Әбу Һурайра (оған Алла разы болсын) пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мынадай сөздерін жеткізген: «Егер әтештің дауысын естісеңдер, Алладан мейірім сұраңдар. Себебі әтеш періштені көреді. Ал, егер есектің ақырғанын естісеңдер, Алладан шайтаннан қорған сұраңдар. Себебі есек шайтанды көреді».
Бұл айтылған хадистер бізден басқа тылсым дүниелердің бар екенін және кейбір жануарлар адамның көрмейтін және сезбейтінін нәрселерін көретінін білдіреді.
Жалғас САНДЫБАЕВ
“Бүгінгі ғылым жануар түйсігінің адамнан бірнеше есе жоғары екенін дәлелдеп отыр. Мәселен, ит пен мысық, құстар мен жалпы жануарлар жер сілкінісін адамнан бұрын сезеді екен. Дін ислам ертеден кейбір жануарлардың адам көрмейтінді көріп, адам естімейтінді ести алатыны жайында айтады. Кейбір жануарлар тылсым дүниені, періштелерді көреді. Оған қоса, жан-жануарлар қайтқан адамның қабір азабындағы айғайын да ести алады.”
Дұрысырағы, “жануар түйсігінің адамнан бірнеше есе жоғары” екені емес. Адамда ондай қасиеттер бар – инстинкт деп аталады. Тек ақыл–ойы дамыған соң оның дауысын басып, руханиаттағы “инстинкт бөлмесінің аузын” жауып тастаған. Әйтпесе, адам рухани тазарса оны да қайта оята алады. Адам ақыл-ой иесі болуы себебінен жануарлардікінен әлдеқайда биік әрі жанжақты болжағыш (көріпкелдік, алысты көру, төтенше алыстағыны есту, төтенше алыстағыны сезу, күнібұрын болжау т.б.) қасиеттіерін жетілдіре алады. Рухани кемелденуге ұмтылу арқылы. Бұдан да озаты – ақыл-ойдан (парасаттан) биігірек қасиетті – даналықты жетілдіруге ұмтылу…
Өсімдіктерде сезім денесі жетілмеген, олардан бір саты эволюциялық жоғарырақ тұрған жануарларда ақыл-ой
(парасат) денесі жетілмеген (жоқ). Адамда даналық денесі жетілмеген,..