Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы жылдамдықты асыру салдарынан жол-көлік оқиғасына ұшырап қайтыс болған адамдарды өз-өзіне қол жұмсағандар қатарына жатқызу туралы жаңа пәтуа шығарды.
Өзбек діндарларының айтуынша, жол жүру ережелерінде жазылған нормалар ислам шариғаты тұрғысынан орындауға міндетті амалдардың қатарына жатады.
«Жылдамдықты рұқсат етілген шамадан асыру салдарынан бақытсыз жағдайға ұшырап, көз жұмған жүргізуші шариғат бойынша өз-өзіне қол жұмсаған болып саналады», – делінген пәтуада.
Құжатта айтылғандай, жол жүру ережелерін сақтау арқылы шариғаттың үш мақсатына қол жеткіземіз, олар: денсаулықты, мүлікті және ұрпақты сақтау, ал ережелерді бұзу – жол қозғалысы қатысушыларының құқық таптау.
Статистика бойынша, жыл басынан Өзбекстан жолдарында 2,2 мың ЖКО тіркеліп, 550-ден астам адам қайтыс болса, 1,6 мыңы жарақат алған.