Сейсенбі, 23 Қыркүйек, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жаңа оқу жылын жағымды жаңалықтармен бастады

11.09.2023
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
4.3k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

«Нұр-Мүбарак» университеті жаңа оқу жылын жағымды жаңалықтармен бастады. Биыл дін мамандықтарына мемлекет тарапынан бөлінген 301 гранттың 80 пайызы Нұр-Мүбарак университетінің еншісіне бұйырған. Нәтижесінде биыл 856 студент, магистрант, докторанттар қабылданып, білім алушылар саны 2252-ге жеткен. Бұл жайлы университет проректоры, PhD доктор Қайрат Құрманбаев хабарлады. Осыған орай, оқытушы-профессорлық құрам да жаңадан 39 ұстазбен толыққан.

Жаңа оқу жылының басталуына орай университет ұжымының басын қосқан алқалы жиында ректор, профессор Мұхаммед аш-Шаххат құттықтау сөз сөйлеп, сапалы білім, білікті маман даярлау аманатын абыроймен атқаруға сенім білдірді. «Ұстаздық ету – ең үлкен мәртебе. Бірақ әрбір оқытушы сол мәртебеге сай болуы шарт. Әр дәрісті қызықты әрі ұтымды өткізіп отырудың жоспары болуы қажет. Біз үшін ең бірінші кезекте – шәкірттердің мүддесі маңызды, сосын ұстаз, содан кейін әкімшілік қызметкерлер. Білімді де білікті маман, еңселі азаматтар дайындау үшін қызмет етуіміз керек»,-деді ректор өз сөзінде.

Сондай-ақ Академиялық мәселелер департаментінің директоры Мұратхан Махмет білім беру бағдарламасына қатысты талап, ережелерді пысықтап өтті. Ал білім сапасын үнемі назарда ұстаушы Сапа-менеджмент жүйесі бөлімінің меңгерушісі PhD доктор, қ.профессор Шамшат Әділбаева университеттің өткен оқу жылы ҚР ҒБМ тарапынан профилактикалық тексеруден сәтті өтуімен қатар, биыл да отандық «ТОП-20» университтеттер қатарында екенін тілге тиек етті.Білім сапасын назарда ұстау үшін студенттер арасында жүргізілетін жасырын сауалнамалармен қатар, бақылау шаралары күшейтілетінін ескертті. Ал ОПҚ-ның пәнді оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету, SYLLABUS жүйесін ортаға салған университеттің академиялық комитет хатшысы пед.ғ.к. Маржан Жолмағанбетова әр оқытушының оқу жоспарларына қойылар талаптарға тоқталды. Яғни ОПҚ-ға жаңа оқу жылына қатысты барлық түйткілдер түсіндірілді.

Студенттердің жатақханамен қамтылуы да 100 пайыз шешімін таптты. Онлайн платформада өтініш берген 1150 студент толықтай жатақханамен қамтамасыз етілді. Тәрбие істері және әлеуметтік даму департаментінің директоры Бауыржан Шайжан 750 студент университет жатақханасына, ал қалған құрамы жалдамалы ғимараттарға орналастырылғанын хабарлады. Осылайша Нұр-Мүбарак университеті жаңа оқу жылын сақадай сай бастамақ.

«Өмір ағашы»: бірлік пен үндестіктің символы

«Өмір ағашы»: бірлік пен үндестіктің символы

23.09.2025
«HALAL EXPO-2025» көрмесі мәресіне жетті

«HALAL EXPO-2025» көрмесі мәресіне жетті

23.09.2025
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Шұлыққа мәсіх тартуға бола ма?
Сұрақ-жауап

Шұлыққа мәсіх тартуға бола ма?

23.09.2025
«Өмір ағашы»: бірлік пен үндестіктің символы
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

«Өмір ағашы»: бірлік пен үндестіктің символы

23.09.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Астанада V республикалық имамдар форумы басталды

Мүфтият мектепте орамал тағуға қатысты мәлімдеме жасады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Шұлыққа мәсіх тартуға бола ма?
Сұрақ-жауап

Шұлыққа мәсіх тартуға бола ма?

23.09.2025
«Өмір ағашы»: бірлік пен үндестіктің символы
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

«Өмір ағашы»: бірлік пен үндестіктің символы

23.09.2025
«HALAL EXPO-2025» көрмесі мәресіне жетті
Жаңалықтар

«HALAL EXPO-2025» көрмесі мәресіне жетті

23.09.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою