«Жусан» гуманитарлық операциясы жүзеге асырылғалы 5 жылға таяды. Бастапқыда қарулы қақтығыс аймағынан жеткізілген жерлестерімізге үрке қарағандар көп еді. Қазір күдік сейілген. Келіншектердің 95 % зайырлы қоғам құндылықтарын қабылдады. Солардың бірі – Гүлжамал Құлжабекова. Ол өзінің өткен және қазіргі өмірі жайында бізге әңгімелеп берді.