Қазақстан халқының 70 пайызы – мұсылмандар. Оның аз ғана бөлігі – дін ұстанушы жамағат. Осы азғантай адамның өзін жікке бөліп, өзара қырғиқабақ қылу – ұлттың келешегіне шабылған балта. Белгілі дінтанушы Жандәулет Сүлейменов зайырлы мемлекеттің талаптарын сақтай отырып, дін ұстануға ешқандай кедергі жоқ екенін айтады. Біз бұл кеңшіліктің қадірін ұғынуымыз керек.