Елімізде 18 конфессия бар болса, Жамбыл облысында 11 конфессия өкілдері өмір сүреді. Қырғызстанмен шекарадағы транзиттік аймақ болғанына және көпдінді әрі көпұлтты өңір саналғанына қарамастан, Жамбыл облысында діни ахуал тұрақты. Бұны ресми тіркелген діни бірлестіктерге жасалған қолайлы жағдайлардың арқасы деуге болады.