Сұрақ: Құрбан айт күндері жалғыз өзі намаз оқыған кісіге «тәшриқ тәкпірін» айту міндет пе?
Жауап: «Тәшриқ тәкбірі» Арафа күнінің таң намазының парызынан кейін, құрбан айттың төртінші күнінің намаздыгер уақытына дейін айтылады. Ханафи мәзһабында оның үкімі – уәжіп. Яғни парыз намаздарын оқығаннан кейін бір рет айту уәжіп, көбірек айту мұстахаб саналады.
Имам Әбу Ханифаның көзқарасы бойынша, бұл тәкпір жамағатпен оқыған кісілерге уәжіп саналғанымен, екі имамның (Имам Әбу Юсуф пен Мұхаммед) көзқарасы бойынша, парыз намазы міндетті саналатын жеке намаз оқыған адам, жолаушы, тұрғын, ауылда, қалада тұрған ер және әйелге – уәжіп.
Ханафи мазһабындағы пәтуа осы екі имамның көзқарасына негізделген. Яғни, жеке басына намаз оқыған кез келген мұсылманның айтуы міндетті саналады.
Алау ӘДІЛБАЕВ