Осы жылдың 2 қаңтарында «102» жедел арнасына белгісіз жігіт қоңырау шалып, қаланың сауда үйлерінің бірінде бомба қойылғанын хабарлаған. Ақпаратты алғаннан кейін дереу оқиға орнына мамандандырылған қызметтер жеткен. Тексеруден кейін қоңырау жалған болып шықты.
Тәртіп сақшылары телефон нөмірі бойынша қоңырау шалған жігітті жедел анықтап, ұстады. Ол облыс орталығының 21 жастағы тұрғыны болып шықты, ол куәландыру нәтижелесіне сәйкес «орташа» дәрежедегі масаң күйде болған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, іс сотқа жолданды. Ағымдағы жылдың 24 наурызында аталған жігітке 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, – деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Осы жылдың 3 айында ғана полиция қызметкерлері басқа арнайы қызметтермен бірлесіп осындай 4 шақыртуды тексерген, олар тексеру барысында жалған болып шықты және ақпарат расталмады.
Полиция департаменті қоғамдық резонанс пен ықтимал салдарларды ескере отырып, мұндай құқық бұзушылықтар үшін ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді, оның санкциясымен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.