Жауап: Мешіттердің имамдары мен молдаларына айлық жалақы төлеу мәселесі өте өзекті проблема екені рас.
Дегенмен, өзіңізге де белгілі болғандай Қазақстан Республикасының «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Заңына сәйкес мемлекет дiн мен дiни бiрлестiктерден бөлiнген. Осыған байланысты егер дiни бiрлестiктердiң қызметi қолданыстағы заңдарға қайшы келмесе, мемлекет дiни бiрлестiктердiң қызметiне араласпайды.
Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес діни бірлестіктер ерікті түрде қаржылай және басқа да қайырымдылықтар сұрауға және оларды алуға құқылы екені белгілі.
Осы негізде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бүгінгі күні өңірлерде демеушілердің және кәсіпкерлердің қолдауымен әртүрлі қорлар құрып, имамдарды жалақымен қамтамасыз етуге қаржы көздерін тарту жұмыстарын жүргізуде.
Діни басқарманың хабарлауынша, білікті имамдарды осы қорлар арқылы арнайы жалақымен қамтамасыз ете отырып, әсіресе ауылдық жерлерде орнықтыру мүмкін болады деп күтілуде.