Сейсенбі, 26 Қыркүйек, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зейнетақыдан зекет беру керек пе?

ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНДА ЖИНАЛҒАН ҚАРАЖАТТАН ЗЕКЕТ БЕРУ ҮКІМІ

16.11.2022
- Ислам, Таңдаулы
0
107
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Зейнетақы – мемлекет тарапынан зейнеткерлік жасқа жеткен адамға заңнамада көрсетілген нормаға сай тұрақты берілетін төлемақы. Бұл әлем елдерінде қолданылынып жүрген әлеуметтік қамсыздандырудың (әт-тәкәфул) бір түрі болып саналады. Бұған көпшілік ғалымдар рұқсат берген[1].

Зейнетақы қорында жиналған ақшадан зекет беру мәселесіне келсек, салымшының жинақталған қаражатты толықтай қолдана алуына немесе пайдалана алмауына байланысты үкімі өзгереді.

Егер салымшы зейнетақы қорындағы жинақталған ақшасын қалаған уақытта қолдана алса, оны өзінің мүлкіне қосып, зекетін береді.

Ал зейнетақы жинағынан қаражатты зейнеткерлік жасқа жеткенде ғана алу мүмкіндігі болса, бұған қатысты ғалымдардың арасында үш түрлі көзқарас бар[2]:

  1. Зейнетақы жинағындағы қаражат нисаб мөлшеріне жетсе, оны алу мүмкіндігі болмаса да әр жылы одан зекет беріледі. Өйткені бұл «мулку тәмм» (мүлікті толық иелену) әрі «қайтарылу мүмкіндігі жоғары қарыз» (дәйну мәржу әл-әда) үкіміне кіреді. Егер зекеттің шарттары толық болып, қарызы немесе басқа да зекет беруге кедергілер орын алмаса, зекет беріледі[3], – деген.
  2. Зейнетақы қорында жиналған ақшадан зекет берілмейді. Тек жинақталған ақшасын толық қолына алып, ол қаражаты нисаб мөлшеріне жетсе әрі бір жыл айналса ғана одан зекет беріледі[4].
  3. Зейнетақы қорында жиналған ақшаны қолына алмайынша зекет берілмейді. Ислам фиқһ академиясының Дубай қаласында өткен 16-отырысындағы №143 қарарында: «Қызметкер жұмыс мерзімі аяқталып, зейнетке шыққанға дейін зейнетақы қорында жиналған ақшасынан зекет беруі міндетті емес. Өйткені мүлікті толық иелену шарты (мулку тәмм) амалға аспайды. Ал мүлікті толық иелену зекеттің негізгі шарттарының бірі. Егер зейнетақы қорындағы ақшаның бәрін немесе бір бөлігін алса, оны қолындағы дүниесіне қосып, зекетін береді»[5], – делінген.

Үшінші көзқарастың екінші көзқарастан айырмашылығы мұнда зейнетақы қорынан алған қаражатты бір жыл айналмаса да қолындағы нисаб мөлшеріне жеткен ақшасына қосып, зекетін шығарады.

ҮКІМ:

  1. Зейнетақы қорында жиналған ақша нисаб мөлшеріне жетіп, бірақ оны алу мүмкіндігі болмаса, одан зекет беру міндеттелмейді.
  2. Егер зейнетақы қорындағы ақшаның бәрін немесе бір бөлігін алуға мүмкіндігі болса, оны қолындағы дүниесіне қосып, зекетін береді.

 ҚМДБ Ғұламалар кеңесі

Шымкент: Діни сауат ашу үшін  «Имандылық үйірмесі» ашылды

Шымкент: Діни сауат ашу үшін «Имандылық үйірмесі» ашылды

26.09.2023

Қажылар туралы хикаялар – 10

26.09.2023

[1] 2005 жылғы Дубай қаласында өткен Ислам фиқһы академиясының 16-отырысындағы №143 қарары. Уаһбату әз-Зухайли, Мәусуға әл-фиқһу әл-ислами уә әл-қадая әл-муасара: 4/210, Мәжәлла әл-бухус әл-исләмия, Бәхсу әт-тәмин: 20/45. https://www.islamtoday.net/fatawa/quesshow-60-15696.htm.

[2] Әр-ратиб әт-тақайди: 131-бет.

[3] Фиқһу әз-зәкат: 139-бет. Әр-ратиб әт-тақайди: 131-бет.

[4] Әл-ләжнәту әд-дәймә №13577 пәтуасы.

[5] 2005 жылғы 9-14 сәуірде Дубай қаласында өткен Ислам фиқһы академиясының 16-отырысындағы №143 қарары. Уаһбату әз-Зухайли, Мәусуға әл-фиқһу әл-ислами уә әл-қазая әл-муасара: 13/482.

Қайнар көзі: muftyat.kz
Тегтер: зейнетақызейнетақы қорыЗекетҚМДБпәтуа
Бөлісу2Твитерге2Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

«QMDB HALAL» сертификаты заңды ма?

04.09.2023
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды
Жаңалықтар

«Мектепке жол»: Шымкентте 1000 оқушыға көмек берілді

18.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Бас мүфти үздік еріктілерді марапаттады

Бас мүфти үздік еріктілерді марапаттады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    1542 рет бөліскен
    Бөлісу 617 Твитерге 386
  • «Хикмет» cөзінің мағынасы қандай?

    823 рет бөліскен
    Бөлісу 329 Твитерге 206
  • Дұрыс дұға жасау әдебі

    4977 рет бөліскен
    Бөлісу 1989 Твитерге 1243
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    7523 рет бөліскен
    Бөлісу 3009 Твитерге 1881
  • Духа намазы қалай оқылады?

    2174 рет бөліскен
    Бөлісу 869 Твитерге 543

Соңғы жарияланымдар

Шымкент: Діни сауат ашу үшін «Имандылық үйірмесі» ашылды

26.09.2023
0
Шымкент: Діни сауат ашу үшін  «Имандылық үйірмесі» ашылды

Толығырақ оқу

Қажылар туралы хикаялар – 10

26.09.2023
0

Толығырақ оқу

Отан артық па, Мекке артық па?

26.09.2023
0

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00