Дінімізде Отан мен өз жаныңызды және өзгелердің де жанын қорғау мұсылмандардың ең басты міндеттерінің бірі. Ислам дінінің шариғат үкімдерінде адам өмірін сақтаудың орны өте жоғары. Мұсылман адамның діни міндеттерді (намаз, жұма намазы, ораза т.б.) себеп етіп қызметке салғырт қарауға немесе көлеңке түсіруіне болмайды. Құлшылықты қызметке кедергі келтірмейтін уақытты жасаған абзал болады. Тек аса зәру жағдайда ғана намазды қаза қылуға немесе бұзуға рұқсат. Бұған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Хайбар» соғысында майдан алаңындағы жағдайдың өте қатты ушыққаны себепті намазын кейінге қалдырып, қазасын өтегендігі мысал бола алады.