Зайырлылық – атеизм де, дінсіздік те емес. Ол – мемлекеттің құқықтық қағидаттарымен басқарылуы дегенді білдіреді. Дін мемлекеттен бөлек саналғанымен, халықтың болмысынан, тұрмыс-тіршілігінен бөлек емес. Алайда, азаматтардың дінді саяси мақсатта өз мүдделері үшін пайдалануы тек зайырлылық қағидаларына ғана емес, сонымен бірге Ислам дінінің заңдылықтарына да қайшы келеді.