Сұрақ: Зайырлы қоғамда діни сауаттылық қаншалықты қажет?
Жауап: Діни сауаттылық – заман талабы. Мына жһандану заманында адам дін туралы дұрыс ақпаратқа ие болуы тиіс. Ол адамның дінді ұстауы не ұстамауы өз еркі. Бірақ діни ақпаратты, дін туралы біраз мәліметтерді біліп жүргені жөн. Әсіресе, ата-ана баласының теріс пиғылды жат ағымдарға немесе діннің шапанын жамылған түрлі теріс діни ұйымдар мен секталардың ықпалына түсіп кетпеуі үшін діни сауат ауадай қажет.
Баланың қолынан гаджет түспейтін бұл күнде ватсаптан, телеграмнан да, ғаламтор желісінде де түрлі діни сарында үгіт-насихаттар да, псевдо шейхтер және өздерін дін деп танытып жүрген кейбір адасқан діни нанымдар мен сенімдердің арбауына тусіп кету қаупі жоғары. Діни сауатпен қаруланған ата-ана баласына кеңес беріп, бағыт-бағдар көрсетеді. Бәлкім, адам «Мен дінді қаламаймын» деп айтып, діни сауаттан, ақпараттан бас тартып жүруі әбден мүмкін. Бірақ ол баласын немесе қызын діннен бас тартықызып отыра алмайды. Ерте ме кеш пе баласы дінге, сенімге, нанымға қызығушылық танытуы ғажап емес. Себебі адамның табиғаты – бір нәрсеге сенуді қалайды. Міне, діни сауаттылық осы уақытта керек болады. Бұған қоса қазақ халқының тарихы мен мәдениеті, дәстүрі мен ғұрпы дін исламмен, діни жоралғылармен біте қайнасқан.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ