“Шаңырақтың” бүгінгі санына – қазақ тілін оқытушы кәріс ұлтының өкілі қонақ болды. Таныс болыңыздар: Владислав Тен.
Ташкентте туған Владиславтың әуелден-ақ тіл үйренуге қабілеті мықты болған. Орыс, өзбек, ағылшын, кәріс, қазақ тілдерін жақсы білетін ол бүгінде қазақ тілін оқытудың ерекше әдістемесін дамытып, сол арқылы көпшіліктің сұранысына ие орталық ашқан.
Менің орталығымда бес вице министр оқыды. Мәжіліс депутаттары, басқа лауазымды азаматтар көп, қазақ балалар да жеткілікті, – дейді Владислав.
Сондай-ақ, Владислав Тен қазақ тілінің болашағына қатты сенімді.
Енді он жылда қазақ тілінің мәселесі шешіледі, қазақтың көбеюі шешеді бәрін, – дейді мейманымыз.