Үндістанның Уттар-Прадеш штатында жергілікті билік “халал” таңбасы бар өнімдердің барлығына тыйым салды. Атап айтқанда, бұндай шешімді штаттың Азық-түлік және дәрі-дәрмек қауіпсіздігі жөніндегі басқарма қабылдады. Олардың айтуынша, “халал” таңбасы тағам сапасын білдіретін параллель жүйе ретінде қалыптасып, түсініспеушіліктерге жол ашып жатыр-мыс.
Келесі күні шенеуніктер арнайы рейдке шығып, халалға салынған тыйымды бұзушыларды анықтады. Жергілікті мұсылмандар биліктің бұл шешімін неге жоруды білмей, дел-сал күйге түсті. Олар діни сенім бостандығына шектеу қойылғанына наразы.