Ұлттық жастар онкүндігінің үшінші күні денсаулық мәселелеріне арналды. Еліміздің барлық өңірлерінде салауатты және белсенді өмір салтына түрткі болатын акциялар өтті.
Жастар үшін емханаларда тегін консультациялар мен скринингтерден өткізіліп, ашық ауада жаттығу жасау және спорттық челлендждер ұйымдастырылды. Сондай-ақ акция аясында белсенділер ауруханалардың, хоспистердің және онкологиялық диспансерлердің пациенттеріне күтім жасай алды.
Күннің тағы бір маңызды сәті сарапшылар донорлық тақырыбын талқылаған дәрістер болды. Осыдан кейін қан тапсыруға ниет білдіргендер қан тапсырды.
Жалпы ұйымдастырылған шаралар мен жобалар аясында 7 мыңнан астам жас қазақстандық тартылды.
Жастар күніне арналған ұлттық онкүндік жалғасуда. Бүгін, 6 тамыз – білім, ғылым және интеллектуалды даму күні.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі