«Мейірімділік мекені» ұлттық жастар онкүндігінің бесінші күні өтті.
Барлық өңірлерде волонтерлік пен қайырымдылық мәдениетіне баулу мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылды. Олар негізінен жалғызбасты зейнеткерлерге, көп балалы аз қамтылған отбасыларға, жетімдерге және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетуге бағытталған. Мейірімділік жасау күнінде үйсіз қалған жануарлар да ұмыт қалған жоқ.
Мысалы, жастар ресурстық орталықтары «Мектепке жол» акциясы аясында мұқтаж отбасылардың балаларына оқу құралдарын сатып алып, оларға алдағы оқу жылына дайындауға көмектесті.
Жалғызбасты қарт адамдардың үй жинап, оларға азық-түлік сатып алды. Жер үйде тұратындар үшін қысқа отын дайындалып, шатыры жөнделді.
Сондай-ақ жастар қайырымдылық жәрмеңкелері мен спорттық турнирлер ұйымдастырды.
Мейірімділік күнінде алты мың жас қазақстандықтар игі іс жасады.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі