Сұрақ: Ұлт пен Отанның діндегі орны қандай?
Жауап: Адам үшін туып-өскен жері, өз Отанынан қымбат, қасиетті мекен жоқ. Қазіргі ұлан-байтақ жерді ата-бабаларымыз аманат етіп, ұрпақтарына мирас етіп қалдырды. Отаны жоқтың дәстүрі, тілі, діні, тарихы болмайды.
Құран Кәрімде: “Сіздерді халықтар мен тайпалар етіп жараттық, бір-бірлеріңізді тану үшін” делінген. Ғұламалар аяттағы “бір-бірлеріңізді тану үшін” дегенді бір-біріңіздің жақсы өнеге, қасиеттеріңізді үйрену, өнеге алу үшін деп аударады. Ал «Халықтар» – (шуъбан уа қабайлан) – тайпалар етіп жараттық дегені, тайпалар мен халықтар дербес ел болып қалыптасып отыр. Ұлт болып, мемлекет болып қалыптасу – дінге жат емес.
Қазіргі таңдағы адасқан діни топтардың ислам халифатын құрамыз деуі дәстүрлі Исламға қайшы түсінік екенін аңғаруға болады. Осы кең-байтақ Отанымызда салт-дәстүріміз, рухани байлықтарымыз, ұлттық болмысымыз бен терең тарихымыздың терең ізі жатыр. Сондықтан баршамыз туған еліміз бен жеріміздің алдында әрқашан борыштар екенімізді ұмытпауымыз қажет. Өз ұлтын, елін сүймеген, оған құрмет көрсетпеген адамнан жақсылық күтуге болмайды.
Икрам АЙТАЕВ