Конкурстық комиссия мүшелерін іріктеу процесінің тиімділігін арттыру мақсатында “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ (бұдан әрі – Орталық) тұрақты негізде сарапшылар тізілімін жүргізеді.
Қазіргі уақытта 2023 жылға арналған сарапшылар тізілімін қалыптастыру бойынша жұмыс жаңартылуда.
Тізілім алдағы 3 (үш) күнтізбелік жылға қалыптастырылады. Сарапшылар тізіліміне енгізу үшін кандидатураларды Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынады.
Жергілікті бюджеттен гранттар іске асырылған жағдайда тиісті өңір сарапшыларының өңірлік тізілімі қалыптастырылады.
Сарапшылар тізіліміне енгізу келесі кезеңдерден тұрады:
1) заңды және жеке тұлғалардан ұсыныстар жинау;
2) кандидаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес остігі туралы оператордың қорытындысы;
3) жұмыс тобының отырысында кандидаттардың әңгімелесуі;
4) кандидатты тізілімге енгізу.
Жеке және заңды тұлғалар жыл сайын 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде операторға құжаттарды қоса бере отырып, тізілімге енгізу үшін тиісті кандидатуралары бар ұсыныстар жібереді.
Бір сарапшы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар мен сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 Заңының 5-бабының 1-тармағында көзделген 3 (үш) саладан аспайтын кандидат бола алады.