Мәһір – ер мен қыздың некелесу барысында немесе кейін өтеу шартымен күйеуі тарапынан әйеліне берілетін дүние-мүлік немесе ақша. Әйеліне мәһір беру ер азаматқа уәжіп, яғни міндет. Ал уәжіптің үкімі парыз секілді. Оны орындамау күнә болып табылады.
Сондықтан, ер азамат үйленгеннен кейін әйеліне келіскен мәһірді беруі керек. Ал егер мәһір берілмесе ер азаматтың мойнына қарыз болып қала береді. Тіпті, ер азамат мәһір бермей қайтыс болса, тіпті оның артында қалған дүние-мүлкінен алынып әйелге мәһірі төленеді.
Тек қана әйел ажырасуды өзі қалап және сол үшін мәһірді қайтарып беруге келіссе немесе мәһірді алудан бас тарту арқылы күйеуімен ажырасуға келісетін болса ғана әйелге мәһір бермей-ақ қоюға болады.
Сұраққа жауап берген: Алау ӘДІЛБАЕВ, исламтанушы