Сұрақ: Мен танымал ресторанда даяшымын. Бізде талап бойынша тұтынушыдан қалған тамақты дереу жуындыға тастаймыз. Тіпті кейде ауыз тимеген таза әрі қымбат тамақтарды да тастауға мәжбүрміз. Соны алып жесем адал санала ма?
Жауап: Егер ауыз тимеген таза (адал) тағамды жуындыға тастау үшін берсе, онда оны тастамай тұрып, жеуге рұқсат. Ол үшін тұтынушының келісімін немесе разылығын сұраудың қажеті жоқ. Ол кісі тамақты алдынан алып кетуге рұқсатын берді.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ