Сұрақ: Ислам бойынша түс жору дұрыс па?
Жауап: Ертедегі кітаптарда: «Жақсылықты көрген – жақсы ойлайды, жақсы ойлаған – жақсы түс көреді, ал жақсы түс көрген адам – өмірімен шаттанады», – деген сөз бар.
Ислам діні бойынша түс үш түрлі болады:
- Салих түс
- Шайтани түс
- Нәпсани түс
- Салих түс – алда болатын, күтіп тұрған нәрселерді алдын ала ескерту мақсатында болатын түс. Бұл туралы пайғамбар (с.ғ.с.): «Мұсылманның түсі – пайғамбарлықтың қырық бестен (алтыдан) бір бөлігі», деп айтқан.
- Шайтани түс – адам ұйықтап жатқанда шайтанның адамдарды қорқытуы, жүрегіне уәсуәсә салып, адастыру үшін болатын түс. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Жақсы түс көрген адам дереу Аллаға мадақ айтсын. Жаман түс көрген адам, Аллаға сиынсын, түсін ешкімге айтпасын. Сонда оған түстің зарары тимейді», – деп айтқан.
- Нәпсани түс – сүріп жатқан өміріне байланысты оқиғалардан туындайтын түс. Адам бір нәрсемен айналысып, қатты қызығушылық танытса, соны түсінде көруі мүмкін. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Түс үш түрлі: ізгі түс Алладан сүйінші және қайғыртушы түс, шайтаннан және ойында жүрген нәрсені түсте көруі», – деп айтқан.
Түстердің арасында ақиқат түсі де бар. Дегенмен, бұл барлық түс ақиқат деген сөз емес. Оны ажырата білу үшін ғалым болу қажет. Сол себепті де ислам жалпы түс бойынша амал етуді, түске арқа сүйеуді дұрыс көрмейді. Онда барлығы сәуегейлер мен балшыларды жағалап кетер еді. Тіпті фиқһ кітаптарында былай делінген: «Шайтан пайғамбардың (с.ғ.с.) кейіпіне кіре алмайды. Алайда, Шағбан айының жиырма тоғызында пайғамбар (с.ғ.с.) бір адамның түсіне кіріп: «Ертең Рамазанның бірінші күні, ораза ұстаңдар», – деген түс көрсе де, бұл түс бойынша амал жасалмайды. Себебі түс – бір ілім емес» (Х. ГҮНАНЧ. Заманауи мәселелерге арналған пәтуалар II/300).
Жалғас Сәдуақасұлы
Түсті дұрыс саралай білу (түрлерге бөліп, тани білу), жори білу әрі түс әлемдерінің сырын зерттеуге ұмтылу – (хадистерде айтылған) туғаннан өлгенге дейін білім жию парызымен пара-пар парыз.
Себебі, түс – адамды Жоғарғы Рухани әлемдермен байланыстыратын арна.
Мұны тереңірек түсіндіру үшін «Рух әлемдері» кітабынан («Мәңгілік бақыттың құпия кілттері» атты еңбектің бөлігі саналатын) үзінділер келтірелік.
РУХ ӘЛЕМДЕРІ
Еңбекте Жаратылыс, Болмыс, иман, адам өмірінің мақсаты, Қызыр ата т.б. тәрізді тақырыптар сөз болады. Еңбекте аталған тақырыптар догматикалық ой – сана шеңберінен асып кететін, кеңейтілген рухани сана тұрғысынан қарастырылады. Аталған еңбек идеялары кей әдеттегі ой – ұғымдарымыздың кейіне сай емес боп көрінуі мүмкін. Дегенмен, түпкі шындықты тек АллаҺ Тағала біледі. Құрандағы «Әрбір білушінің үстінде бір білуші бар» (12 – «Жүсіп» сүресі, аят 76) дейтін сөзді ұмытпалық. Сонымен бірге, Құранның «Кеһф» сүресінің 65 – 82 аяттарында баяндалған адамзаттың көпшілігіне белгілі сана шеңберінен кеңірек таным шеңберіне ие заңғар сана иелері бар екенін де ұмытпайық.
Мазмұны
1 – тарау. Адам құрылысы
2 – тарау. Адамзат жаралуы сыры
3 – тарау. Әрекет құпиясы
4 – тарау. Жан құпиясы
5 – тарау. Пайғамбарлар жамағаты
6 – тарау. Жан топтары
7 – тарау. Бақи падишасы
Ұлы Шақыру
Құдай Ақылындағы Нұр нүктесінен
Адамдар ақылына Нұр ағылсын
Иә, Нұр Жерге түссін.
Құдай Жүрегіндегі махаббат нүктесінен
Адамдар жүректеріне махаббат ағылсын,
Иә, Мәди Жерге оралсын.
Құдай еркі белгілі орталықтан
Мақсат адамдардың кіші еріктерін бағыттасын
Ұстаздар біліп, оған қызмет етер мақсат.
Біз адамзат деп атайтын орталықтан
Махаббат пен Нұрдың жоспары орындалсын
Және зұлымдық қақпасы мөрленсін.
Және Нұр, Махаббат әрі Құдірет
Жерде жоспарды қалпына келтірсін.
(Жоғары Рухи энергияларды Жер бетіне әкеп, бекітер ұлы тілек – Ғалами Ұстаз Д. арқылы адамзатқа берілген. Кез-келген уақытта іштей қайталауға болады. Айтолысу уағында (толық ай мезетінің сәл алдында және дәл ай толған сәтте) қолдану ерекше игі.)
«…Бізге бұл Ұлы Шайқаста кім қол
ұшын берер екен? Көмектесуші
қолды демегенге нұр жаусын.»
Қызыр ғ.с.
(«Заңғар Жандар хаттары» кітабынан,
XIXғ.)
1 – тарау. Адам құрылысы
Адам 7 денеден құралады. Бұлар – кәдімгі физикалық (көзге көрініп тұрған), энергетикалық (эфир), сезім (астрал), ой (ментал), даналық (интуиция немесе Нұр-Мұхаммед), Рухи Жан және Рух денелері. Адамның физикалық денесі әдетте киім киіп жүретіні тәрізді, ең жоғары адам – Рух – та қалған денелерді (яғни, физикалық, эфир, астрал (сезім), ментал (ой), даналық (интуиция немесе Нұр-Мұхаммед), Рухи Жан денелерін бірінің үстінен бірін қабаттап киіп жүреді. Рух өз сыртынан – кәдімгі адамның сыртына киім киері тәрізді – Рухи Жан денесін киеді. Кейін Рухи Жан денесі өз кезегінде даналық (интуиция немесе Нұр-Мұхаммед) денесін киеді. Одан соң ой денесі даналық дене сыртынан киіледі, осы тәрізді: ментал дене астрал денені, ал астрал дене физикалық денені киеді.
Көзге көрінетін физикалық денеден өзге денелер нәзік нұрдан тұрады, сондықтан әдетте олар көрінбейді. Өз бойында бұларды көру қабілетін ашқан адамдар ол денелерді байқай алады (Жоғары айтылғанды тереңірек түсіну үшін адам құрылысы бейнеленген 1-cызбаға назар аударыңыз).
7 дене сәйкес әлемдерде қолданылады. Мәселен, физикалық денені біз айналамыздағы (кәдімгі көзімізбен көріп жүрген, өзіміз онда өмір сүретін) физикалық әлемде жүріп-тұруға қолданамыз. Бұл әлемнен өзге – эфир, астрал (сезім), ментал (ой), даналық (интуиция немесе Нұр-Мұхаммед), Рухи Жан және Рух әлемдері бар….
(Жалғасы бар.)
Тереңірек түсіну үшін келесі сілтеме ашып, ондағы мақала астындағы пікір бөлімінен Нұрдың комментарийлерін оқыңыз:
https://kazislam.kz/d-rys-d-a-zhasau-debi/
https://kazislam.kz/zhanga-hadis-zhinaqtary-zharyq-kordi/#comment-8037
https://kazislam.kz/qudajdyng-razylyghyn-qalaj-alugha-bolady/#comment-7352 https://kazislam.kz/zhanuarlar-adamnyng-kormejtinin-kore-me/
https://kazislam.kz/duniede-pajghambar-zhetpegen-qauymdar-bar-ma/#comment-7632 https://kazislam.kz/nege-quranda-pajghambardyng-s-gh-s-esimi-az-atalghan/
https://kazislam.kz/ne-ushin-pajghambardy-s-gh-s-habibulla-dep-atajdy/#comment-7636
https://kazislam.kz/islamda-ne-ushin-bilimnen-buryn-tarbie-qazhet/