Жексенбі күні Түркияның оңтүстік-шығысындағы Мардин провинциясында лаңкестікке қарсы Eren Abluka операциясының 31-ші кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Түркия Ішкі істер министрлігі 44 жедел топ құрамында 528 полиция мен жандармерия арнайы жасақтары қанды ұйым содырларын анықтау және жою үшін Багок ауданын тексеріп жатқанын хабарлады. Операцияның мақсаты – террор ұйымымен күресу және елдің оңтүстік-батысындағы қылмысты толығымен жою.
Президент Режеп Тайып Ердоған бұдан бұрын Түркияда РКК содырларының Түркияда алғаш рет лаңкестік әрекет жасаған 1984 жылдан бері осы қанды ұйымның қолынан елдің мыңдаған қауіпсіздік күштері, әскерилер мен бейбіт тұрғындары қаза тапқанын айтты.
АҚШ пен Еуроодақ РКК-ны террор ұйымы тізіміне енгізді. Соңғы жылдары РКК аймақтағы қанды қылмыстар үшін жауапкершілікті өз тармақтарына аударуға тырысты. Сирияда PKK лаңкестері PYD және YPG есімдерін жамылып, соңғы екі жылда өздерін «Сирия демократиялық күштері» деп аталады. Ал Иранда болса «Күрдістан еркін өмір партиясы» (PJAK) ретінде әрекет етуде.
Фото:aa.com.tr