Ернар интернетте дау қуып, қызылкеңірдек болып айтысып, дәстүр төңірегінде тартысып, зайырлы қоғамды даттап, мұсылман әлемінің құтын қашырған содырларды жақтаған топқа қосылды. Әлеуметтік желіде көпіре сөйлеп, лепіре уәде бергендерді көгендеулі қозыдай ұйып тыңдады. Солардың сеніміне табынып, деструктивті идеологияны қолдады…