Геосаяси жағдайдың ушығуы әлемдік қауіп қатерге тамыздық боп отыр. Басты проблема мемлекеттер арасындағы кикілжін. Сарапшылар күш біріктірмей, әлемнің берекесін алған қылмысты жеңу мүмкін емес деген ұстанымда. Бұл тұста Қазақстанның БҰҰ мінберінен талай жойқын ұсыныс жасап, алпауыттар тарапынан қолдау тапқанын тілге тиек еткен жөн.