Бүгінгі күні әлемде террористер тарапынан қолданылатын 10 мыңға жуық интернет-сайттар әрекет етеді және олар 40 тілде таралады екен.
Лаңкестер интернет желілерін келесідей мақсаттарға пайдаланады:
1) психологиялық соғыс жүргізу;
2) үгіт-насихат жүргізу, жалған ақпарат тарату;
3) адамдарды алдап өздерінің қақпанына түсіріп алу (вербовка), террористерді оқыту мен дайындау, желілер (ұяшықтар) ашуды ұйымдастыру және басқару;
4) қаржы көздерін тарту және жинау;
5) лаңкестік әрекеттерді жоспарлау.
Жоғарыда келтірген мәліметті назарға ала отырып, интернет-сайттардағы діни мазмұндағы материалдарды пайдалану және таратудан бұрын білікті дін мамандарының кеңесіне жүгінген орынды болады.
Балғабек Мырзаев
Санамызды улап, жастарды құртып тынатын болды.
Бұлардан аса сақ болу керек!