Интернет арқылы адамды терроризмге апару мүмкін бе? Сирия мен Ирак аймағында ислам халифатын құрамыз деген желеуге ерген 40 мыңнан астам әскери-лаңкестердің, оның ішінде олардың отбасыларының шетел асуына себеп болған құрал неде деп ойлайсыз? Сонымен қоса, инсайдерлер мазмұндық мағына беретін интерпретацияны қаншалақты сақтауда немесе қаншалықты сақтамауда?
Террористер үшін интернет – онлайн-тақта жарнамасындағы тиімді құрал (Эбен Каплан)
Шетелдік Халықаралық зорлық-зомбылық экстремизмін зерттеу орталығы 236 адамға зерттеу сұқбатын жүргізген. Зерттеудің мақсаты: интернет арқылы адамды террорға апару мүмкін бе? Тереңдетілген сұқбат бойынша арбаудың тәсілдері, террористтік ұйымдардың тәжірибелері және т.б. әдістемелері қаралған. Сұқбат талдау қорытындысы бойынша интернет арқылы адамды терроризмге апару мүмкін екендігі дәлелденді.
236 адамның 117-сі әрдайым интернетті пайдалану арқылы желідегі топтарды қарап отырған. Көпшілігі Сирия жеріндегі Асад режимінің дұрыс еместігі туралы қарсы ақпараттар мен агрессивті мінез қалыптастыратын видео жазбаларды қараған. Сонымен қоса, ислам халифатын құру керек деген желеумен барлық мұсылмандар бір жерге жиналып, бірін-бірі осы жолда қолдаулары керек деген пікірге келген. Ал тіпті кейбірі арбаушылармен тікелей байланысқа шығып, соғыс алаңына келуге ақыл-кеңес сұраған. Тереңдетілген сұқбатқа қатысқан 78,0% ер адамдар, 67,9% әйел адамдардан анықтау бойынша интернеттегі арбаушылар рекрутингтерді таңдағанда кез-келген жолмен, кез-келген бағыттағы тақырыптарда құрбандармен байланыс жасай алатындығын көрсеткен.
Сондықтан да, алдыға қойылған мақсатқа жету үшін мүмкіншіліктің барлығын пайдалануға басымдық беріп отырады. Адамдық санаға бір күйден екінші күйге ауысуға мүмкіндік беретін ақпараттарды эмоционалдық күйде қабыл алумен агрессияланудың деңгейіне көтереді. Нәтижесінде қоғамда өзегеше пікірмен ойлайтын субъектілердің қалыптасуына алып келеді.
Мәселен, «ДAИШ» содыры болған 24 жастағы Голландиялық Әбу Уалид өзі туралы былай дейді: «Мен желілер арқылы көптеген Сирия туралы видеоларды көріп, кейін әлеуметтік желі арқылы ол жақтағы адамдармен сөйлесе бастадым. Соңында мен Нидерландыны тастап ДAИШ-қа қосылуға кеттім», – дейді. Ирландиялық Лиза Смит болса «Мен интернет арқылы америкалық Әбу Хасанмен таныстым. Ол маған құраннан ненің адал, ненің арам екенін түсіндірді. Мен Әбу Хасанға сендім. Мен үшін ол білімді, өте жылы және жұмсақ адам болды. Осылайша мен «ДAИШ»-қа қосылдым» – дейді. Француздық 28 жастағы Умма Алия отбасылық кикілджіңнен кейін ДAИШ-қа қосылуға шешім қабылдаған. Ол «Мен өз отбасымнан қашып кетуді қаладым. Осылайша интернет арқылы ДAИШ насихатшысымен сөйлесіп, «жұмақтық мекен» ДAИШ территориясында дегеніне сеніп Сирияға бардым», – дейді.
Осы секілді Қазақстандық Әсел Әлиеваның берген сұқбатында «Дінге келуіме әлеуметтік желінің үлкен әсері болды. Ислам дінінен, Сириядағы өмірден еш хабарым болмады. Елден намаз оқығанымды қабылдай алмаған анама ерегесіп кетіп қалдым», – деген болатын. Сондай-ақ, «ДAИШ» ұйымында болып келген, қазір түзету мекемесінде жазасын өтеп отырған Отандасымыз Махамбет Қажипанов: «Интернет арқылы Сирия жеріндегі соғыстар туралы видеоларды көп қарадым. Одан кейін санам өзгеріп, сол жаққа баруға бел будым», – дейді. Міне, осы секілді оқиғалар өте көп. Әлем бойынша дінмен байланыстырылған арбау әдіс-тәсілдерінің бірдей типте екендігін көрсетуде. Бұл демек жаһандық құбылыс және мәселе.
Инсайдерлер интернет арқылы арбаумен террористерді әзірлеуді кеңінен пайдаланып келеді. Тәжірибелі арбаушылары қамтылған ұйым «Аль Каида» мен «ДAИШ» ұйымы екендігі белігілі болуда. Бұлар мәтіндік жазбаларды мүдделік тұрғыда бұрмалаумен интернет арқылы «әскери жиһадшыларды» жасап келеді. Инсайдерлердің әдістемесінің өзектілігі де нарративті баяндаумен индивидтерді баурап, қалауын өздеріне тартуға бағытталған. Осылайша кешенді тактикалық арбауға ұшыраған әлсіз тұлға ерік-жігерін өзгеге оңай ұстатады.
Соңғы жылдарда ДAИШ территориялық иеліктегі жерлерінен айырылып қалғаннан кейін инсайдерлер ұтылған жағдайлары үшін кек алу мақсатында, сонымен қатар «Халифаттылық» кезеңді қайтадан оралту үшін интернет арқылы «үйден» жақтаушы жасауға белсенді кіріскен болатын.
Негізгі ұйымдастырушылар «Facebook», «Instagram» және «Telegram» секілді шифрланған қосымшаларды толыққанды зерттеп, сол арқылы, әсіресе «Instagram» платформасы арқылы жастарды тартуда. Нидерландияның қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша жастардың басқа желілік бағдарламалармен салыстырғанда «Instagram» платформасы арқылы радикалдық агрессияға түсіп жатқанын айтуда. «Instagram» бағдарламасының ерекшеліктері әлі де болса нақты талданып, зерттеле қоймады. «Instagram» бағдарламасын идентификациялаумен «ДAИШ» инсайдерлері ұтымды пайдалануда. Мәселен, бағдарламаны пайдаланушылар кілт сөздерді теру арқылы іздеу жасап оңай құрған арбау ақпараттарына қанық болады. Мәселен, «Королева хиджаба» деген мемды пайдалану арқылы алдау тәсілін жасағаны белгілі болуда. Тіпті, радикалды діни ұйым инсайдерлері интернетте түрлі тәсілмен әр санаттағы адамдарды құрыққа түсіруді жасауда. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында олардың ЛГБТ қауымдастықтарының өзін ішінара қолдай отыра, өз позицияларына қолдауға бастағаны анықталды. «ДАИШ» желеу еткен Ислам каноны бойынша ЛГБТ ұстанымын қатаң айыптайды. Бұл жерде топтың көздегені діни құндылықты сақтау мен орындау емес, керісінше басқа да мақсат үшін идеяны белсендендіру мақсаттары бар екені айқындалады.
(тараптан ЛГБТ-ны ішінара қолдауға бағытталған сурет)
2020 жылдың өзінде әлем бойынша 45 мыңнан астам адам Сирия мен Ирак аймағында орын алған «ДAИШ» ұйымы үшін күресу мақсатында, ұйымға қосылу қызығушылығымен инернеттегі ақпараттардан мәлімет алған. Бұл әсіресе 2014-2016 жылдары «ДAИШ»-тың белсенді болып тұрған кезінде шарықтады. Ал 2019 жылы бұл көрсеткіш «Халифаттылығының» құлдырауымен азайды. 2020 жылдың наурыз және мамыр айларында «ДAИШ» ұйымы интернет арқылы қайтадан жаңа қозғалыс әкелу мақсатында насихаттық бейне өнімдер мен графикалық өнімдерді тарата бастауда. Оның ішінде, «ДAИШ»-ты қайтадан аяққа тұрғызу мен белсендендіруді көздеді. Тіпті олар 25 тілде еркін ақпаратты әлем желіге тарата алатын қабілетті болды.
Осындай қарқынды ескерумен алдағы уақытта тың серпілістік жаңа әрекеттермен қоғамда қайтадан діни экстремизм мен терроризмге қатысты «TOP NEWS» жасау белгісі байқалады. Бірақ, 2021 жылдың сәуір айында «The New York Times» газетінің жариялаған ақпаратында «ДАИШ» халаифттылығы әлсіреп, содырлары жан-жаққа тарап, көшбасшысы Әбу Бакр әл Бағдади өлтірілді деген. Қазір бұл ұйым Африка аймақтарында белсенділігін арттыруды көздеуде. Аналитиктердің талдауы бойынша олар симбиотикалық топтар қалыптастыру арқылы жергілікті әскери күштермен де одақтасуда. Ендігі кезекте Афирка аймақтары «Аль Каида» мен «ДАИШ» әсерлерінен кезекті территориялық босқыншылыққа түсуі мүмкін. Сонымен қоса, қазіргі уақыттағы Палестина мен Израиль арасында орын алған қақтығыстарды да олар ұтымды пайдалануға тырысатыны белгілі.
Қорыта келе, кибертерроризмнің қауіптілігі өте жоғары. АҚШ-тың Ұлттық инфраструктураны қорғау орталығының анықтауы бойынша: кибертерроизм – компьютерлер мен телекоммуникациялардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып жасалған, үкіметке немесе халыққа ықпал ету, қорқыныш туғызу мақсатында қызметтерді күшейту, жою немесе бұзу.
Бұл мәселеге қарсы тұру үшін арбаушы террористердің әдіс-тәсілдік ерекшеліктерін зерттеп тану керек. Психологиясы әлсіз адамдарды тартудағы кешенді жүйелік жұмыстарына талдау жасаумен тұжырымдамалар түзілу керек. Сонымен қатар, қоғам ішінде олардың беделін төмендетуге арналған жұмыстарды атқару қажет. Топ инсайдерлерінің негізгі құпиялықты құрайтын мақсаттарын айқындап, олардың моральға қайшы тұстарын кеңінен насихаттау керек. Арбаушы инсайдерлердің алдыға қойған мақсатқа жету керек деген құлшынысты ниеттері болғаны секілді, оларға қарсы тұрушы немесе қорғаушы тараптың да олардан да жоғары ниет жігері болуы қажет.
Интернетте деструктивті материалдарды анонимді оқу, тегін танысып-ақпараттану террористік топтарға жеңіл қосылуға мүмкіндік береді. Террористерді әзірлеудегі бағдарламалар қазіргі ғасырда эволюциялық жағдайда жүзеге асуда. Тарихи салыстырмалы талдау бойынша террористерді жалдау/насихаттау стратегияларына қол жеткізу технологиялық және географиялық жағынан шектеулі болған еді. Өткен ғасырда олар ақпаратты қолма-қол баспа қағаздарында басу және аудио жазбаларды қолға тарату арқылы мақсатқа қол жеткізген болатын. Мәселен, 1990 жылдары «Аль Каида» шығыстың ақпараттарын, батыстың баспа журналдарына кеңінен тарату арқылы жоғары деңгейге тез уақытта көтеріле білді. Кейін 2001 жылы орын алған теракттан кейін интернет көздерін пайдалану кең етек ала бастады. 2005 жылға қарай 40 террористік ұйым 4500-ден астам веб-сайтты онлайн режимінде ұстап, ал YouTube-тің пайда болуы кәсіби сападағы аудиовизуалды насихат пен коммерциялық бейнелерді бүкіл әлемге таратуға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта ел аумағында радикалды идеяға бағыттайтын ақпарат көздерін бұғаттау жұмыстары жүргізіледі. Дегенмен де, құрбандар әлі де болса ел аумағында шектелген ақпарат көздерін арнайы бағдарламалар арқылы кірумен алатыны алаңдатып отыр.
Алтернативті қарсы ақпараттық жұмыстарды бұдан ары жандандыру қажет етіледі. Өйткені, террористік қылмыстарға барған немесе баруға оқталған сотталушылар арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес «Бізге біржақты ақпарат дәлел ретінде ғана кездесіп, соған сендік» дейді. Я, қазіргі таңда сақтандыру, қорғау бағытындағы ақпараттық материалдар шамадан тыс өте көп. Көп жағдайда біздегі қарсы насихаттық жұмыстар тек қана тарихи діни ақпарат көздеріне, ара-тұра ғана діни өлшемдік қағидаларға ғана бағытталады. Бұл тек қарсы тактикалық әдістің бір бағыты ғана. Сосын күтілетін мамандардың көбісінің бойында «молдалық» форма басым. Ғылыми-практикалық зерттеулерге құрылған деректемелер аз. Осындай деректемелерді бағдарламалар жасақтау арқылы әзірлеп, «тыңдаушыларға» баламалы ақпарат ретінде қызықтыра отыра ұсыну керек. Керек жағдайда олардың қателіктерін, негізгі проблемалық белгілерін кең технологиялық мүмкіндіктермен жарнамалай отыра өнімдерді ортаға шығару керек. Қоғамда таралған негізгі деструктивті мәліметтерді, бұрмаланған канондық ақпарттарға қатысты қарсы ғылыми әдістер арқылы ұсынумен, талдаумен «тыңдаушылар» санасына қолайлы етіп жеткізу маңызды.
Жандаулет Сулейменов – теолог, магистр