Нұр-Сұлтан қаласында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары халықтың діни сауаттылығын арттыру және қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мен діни экстремизмнің алдын алу шеңберінде жергілікті тұрғындармен бірқатар іс-шаралар мен кездесулер өткізді.
РАТТ жұмысына білікті теологтар, дінтанушылар және психологтар Л. Шакимова, Б. Шариязданов, К. Тышхан, И. Бердалиев тартылды. Сондай-ақ өкізілген жұмысқа Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілі С. Қизатов қатысты.
РАТТ мүшелері Нұр-Сұлтан қаласының «Астана» (Артем), «Әлем» сауда үйлерінің және «Этолон», «Көк базар», «Big Shanhai» базарларының ұжымдарымен кездесті. Сондай-ақ, 3656, 29999, 6636 әскери бөлімдерінің қызметшілерімен және т.б. кездесулер өткізілді. Осы іс-шараларға 290-ға жуық адам қатысты.
Тұрғындарға Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара іс-қимылы мен қатар өмір сүруіне, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеяларға қарсы бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, діни радикализмге қарсы іс-қимылдың берік негізі ретінде дәстүрлі рухани құндылықтар мен дін арасындағы өзара байланыс мәселелері талқыланды.