ЕҚЫҰ ПА-да репатриацияланған азаматтарды теологиялық оңалту бойынша Қазақстанның тәжірибесі қаралды
Бүгін «Шетелдік лаңкес-содырларды соттық қудалау, оңалту және қайта интеграциялау: Қазақстан тәжірибесі» тақырыбында Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) Парламент Ассамблеясының онлайн-тыңдауы өтті.
Іс-шараға ҚР АҚДМ Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Бакиров қатысты.
Отырыста ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының Терроризмге қарсы арнайы комитетінің төрағасы Лопатко Рейнхольд төрағалық етті.
Жалпы іс-шараға ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының 20 елден астам мүшелері, Қазақстандағы ЕҚЫҰ бағдарламалық кеңсесінің басшысы Фробарт Фолькер, сондай-ақ ҚР орталық мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.
Қазақстандық тарап отырыс қатысушыларына террористік белсенді аймақтардан қайтарылған азаматтарды репатриациялау және оңалту бағдарламалары бойынша тәжірибесімен бөлісті («Жусан» операциясы арқылы).
Өз кезегінде Б.Бакиров қайтарылған азаматтарды теологиялық-психологиялық оңалту бойынша Министрлікпен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Бұл ретте, қатысушылар қайтарылғандарды оңалту бағдарламаларын ұйымдастыру бойынша Қазақстан Үкіметінің үлкен жауапкершілігін ерекше атап өтті.