Бүгінде діни саладағы түрлі жағдайларда жауапкершілікпен шешім қабылдай алатын кәсіби мамандарды даярлау басты мақсатқа айналып отыр. Себебі, қоғам дәл осы саланың мамандарына мұқтаж. Жыл сайын мемлекет тарапынан бұл қажеттіліктің орнын толтыру үшін университеттерге бөлінетін грант саны артып келеді.