Сұрақ: Тарауық намазын үйде оқуға бола ма?
Жауап: Тарауық намазын мешітте оқыған абзал[7]. Егер мешітте жамағатпен оқымай үйлерінде оқыса күнәһәр болмайды[8].
Абдур-Рахман ибн Абдулқариден жеткен риуятта былай делінеді: «Омар ибн Хаттабпен Рамазан айынын бір түнінде мешітке барғанмызда, топ-топ болып жатқан адамдарды көрдік. Біреуі намазды жалғыз оқып жатыр, ал біреуінің артынан бір топ адам ілесіп намаз оқып тұр. Омар: «Оларды бір имамның артына жинағаным жақсы болар еді», – деді. Сосын оларды Убай ибн Кағбтың артына жинады. Содан кейін онымен тағы бір түні мешітке шыққанымда, адамдар бір қариға еріп, намаз оқығанын көрдік. Омар: «Қандай жақсы жаңалық», – деген»[9].
Сондықтан ер адамдар тарауықты үйінде оқуына болады. Бірақ мешітте оқығаны абзал. Ал әйелдердің өз үйлерінде оқығандары абзал. Дегенмен, мешітке барып оқуларына шариғат тыйым салмайды. Алайда олардың мешітте оқығанынан көрі, үйде оқығандары сауабы молырақ.
«Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан