Тарауих намазы 8 рәкаттан тұрады. Бірақ олардың саны 20-ға дейін көбейуі мүмкін.
Бірінші ракатта:
– Ниет ету. Алланың ықыласы үшін намаз оқу. Тарауих имаммен оқылса да іштей ниет: «Мен Аллаһтың ризалығы үшін Тарауих намазын өтемекке ниет еттім. Осы имамға ұйыдым»;
– Тәrбір Тахрима алынады;
– Сәнә сүресі оқылады;
– «Фатиха» сүресі оқылады;
– кем дегенде үш қысқа аят немесе, үш қысқа аятқа тең бір ұзақ аят оқылады;
– рукуғ жасалады;
– екі рет сәжде жасалады.
Екінші ракатта:
– Бисмиллахпен басталып
– «Фатиха» сүресі оқылады;
– кем дегенде үш қысқа аят немесе, үш қысқа аятқа тең бір ұзақ аят оқылады;
– рукуғ, екі рет сәжде жасалады;
-Тәшшәһуд отырысында «әттахияту» дұғасын оқып, артынша «салауат» оқылады. Одан кейін «рәббана әтинә» дұғасын оқу ерікті амал.
-оң жағына және солға қарай «әссәләмәғәләйкүм уә рахматуллах» сөздерімен сәлем береді.
Бұл әрекеттерді орындағаннан кейін Тарауих намазы аяқталады.
Тарауих қандай намаз?
Тарауих рамазан айында ғана оқылатын ерекше намаз. Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) адамдарды ешбір міндеттемей, рамазан айында түнде құлшылық етуге үндеп: Кімде-кім рамазанда иманмен және сауабын Алла тағаладан үміт етіп түнде құлшылық етсе, оның өткен күнәлары кешіріледі, – деуші еді[1]», – деген.
Тарауих қашан оқылады?
Әуелі құптан парызы мен оның екі рәкағат сүннеті оқылады. Одан кейін жамағат имамға ұйып, имам тарауихты дауыстап оқиды. Тарауих бес таруиха болып оқылады. Әр таруиха сайын жамағат аз уақыт демалады.
Тарауихтың үкімі қандай?
Тарауих ер кісіге және әйелдерге бірдей сүннет, муаккада ъаләл-кифая намаз. Ер кісілер мешітте, ал әйелдердің үйде оқығаны дұрыс.
[1] Бұхари, Муслим
Мадина Жанғазиева