Сейсенбі, 21 Наурыз, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тәңір түсінігі жайлы зерттеушілер пікірі

10.02.2023
- Ағымдар ақиқаты, Таңдаулы
0
123
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Соңғы уақыттары «ата-бабамыздың діні – Тәңірлік дін» деген ұранмен бірнеше топтар пайда болды. Олар әлеуметтік желіде белсенділік танытып, исламофобиялық көзқарастарын ашық көрсетіп, көңілге күдік салумен айналысып жүргенін байқап қаламыз. Осы ретте «Тәңір» сөзінің түсінігі жайлы зерттеушілердің пікірін ұсынбақпыз.

О. Сүлейменов «Язык письма» еңбегінде адамзаттың ең көне діндері мен Інжіл сырларының маманы Эрих Зехреннің адасушылықтары туралы айта отырып, «Тәңіршілдік» бірнеше ондаған мыңжылдықтар бойы дамыған «Күн» діні деп жазады. Осыған ұқсас деректі Албания тарихшысы Мұса Каланкатуклу (7 ғ.): «Ғұндар, хазарлар және басқа да түркі тайпалары массагеттер сияқты Күн, Ай, Танра хан құдайларына сеніп, жылқыны құрбандыққа шалған. Кейде құрбандықтар суға және отқа, жолдың құдайына, ай туғанда тіпті олардың көздеріне ғажайып болып көрінген барлық құбылыстарға арналып шалынған» деп баяндайды.

Белгілі Әзірбайжан зерттеушісі Ф. Агасиоглы: «Көне түріктер құдайды «Тәңір» деп атаған. Сонымен қатар, «Тенгри», «Дингир», «Кут» т.б атуларды қолданған» деп мәлімдеген.

Сәбетқазы Ақатай «Тәңіризм» терминінің орнына «Тәңіршілдік» терминін қолдана отырып, «Тәңіршілдік» «Орта Азия халқының тарихи синкреттік (түрлі сенімдерді жинақтаған) философиялық ойлардың табиғи синтезінің нәтижесі» деп тұжырымдайды.

Белгілі ғалым Ғарифолла Есім көне түркі аңыздарын саралай келе: «Түріктердің дүниетанымында Тәңір – түсініксіз Құпия… Тәңір-Аспанға табыну, биікке шөлдеу адамды асқақ, бітіспес, ерлік философиясын ұстануға итермелейді…» деп тұжырымдайды.

Мұрат Аджи өз пікірін, тәңіртануды зерттеуші неміс ғалымы Г. Дерфердің пікіріне сілтеме жасай отырып, «Адамзаттың алғашқы монотеистік діндерінің бірі», – деп жазады.

Зия Бунядов: «Таңры» және «Гёктүрк» ұғымдарына түсініктеме бере отырып, бүгінгі Орта Азия түркі диалектілерінің көпшілігінде Тәңірдің «Таңры» (Құдай) және «Гёк» (Аспан) мағынасын беретінін жазған. Оның пікірінше, қазіргі түркі халықтарының қолданыстағы тілінде бұл сөз (ескіріп) тек «Алла» мағынасында қолданылады, деп атап өткен.

Ұстаған оразам ақыретте маған шапағатшы бола ала ма?

Оразаның ақыреттегі пайдасы қандай?

21.03.2023
Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

21.03.2023

Өзбек саясаткері Каримов Борис тәңіршілдік туралы мақаласында: «Тәңір құдайы (тәңір, тәңір, хан тәңірі, көк тәңірі) культі барлық түркі халықтарының ежелгі наным-сенімдерінде маңызды орын алады. Бұл культтің шығу тегі әлі жеткілікті түрде зерттелмеген» деп айтады.

Ал Әуезхан Қодар өзінің философиялық талдауында «Тәңірлік идеясы – дүниенің шынайлығы туралы алғашқы идея. Ол анимизм, тотемизмнен генотеизм сатысынан сырғып монотеизмге дейінгі даму жолынан өтті. Алайда, монотеизм сатысына жеткенде манихейлік сеніммен араласып кетті, кейін (бір бөлігі) ислам сеніміндегі «Алла» идеясымен және (екінші бөлігі) буддизмнің философиялық идеяларының ықпалында қалды» деп баяндаған

А.Ю. Никонов өзінің «Алтун Битиг. Тенгрианство» атты еңбегінде тәңіршілдікті шаманизм ретінде көрсету стереотипін концептуалды тұрғыда ұстана отырып, түркі халықтарының ауызша және жазба дәстүрінде сақталған көне түріктердің мифтеріне негізделген тәңіршілдік пен тәңірлік ұғымына түсінік береді.

Сонымен қатар, Ш. Уәлихановтың шығармашылығында да тәңіршілдік түсінігі ерекше орын алғанын байқаймыз. Ол өзінің «Тенгри (бог)» атты мақаласында тәңіршілдіктің әдет-ғұрыптары мен ұстанымдары, аруақтар мен рухтарға деген сенімдер жайлы жан-жақты сипаттайды. Ш. Уәлихановтың тәңіршілдік жайлы көзқарасының екіұшты пікір ұстануы өзі өмір сүрген дәуірдің тарихи-идеологиясымен түсіндірілуде. Ол бір жағынан Тәңірді құдай деп таниды, тәңіршілдік – «Тәңірге деген монотеизм сенімі» десе, екінші жағынан тәңіршілдік рухтар, жандар, перілер, диюлер мен зұлым шамандық рухтар жайлы түсініктер деп түсіндіреді.

Мағжан Жұмабайдың «Тәңірі» деп аталатын өлеңін оқығанда «Тәңірі» сөзі «Құдай» сөзінің синонимі екеніне көзіміз жетеді:

Зор Тәңірі, күштісің сен, сенеміз біз,

Әділ деп, әр ісіңе көнеміз біз.

Өз құлын өзі еңіретпес тура Ие деп,

Өзіңе ерік тізгінін береміз біз.

Ауыздан Алла атыңды тастамаймыз,

Алласыз ешбір іске бастамаймыз.

«Әділ хан, бұйрығыңа бойсұндық» деп,

Бұйрықсыз бір адым да аттамаймыз.

Қорыта айтқанда, Әлемді Жаратушы «жоғары сана мен Құдіретті күштің Иесін» Түркі тілдес халық «Тәңір» деп атайды екен. Бұл сөздің орысша аудармасы «Бог», араб тілінде «Иләһ» немесе «Аллаһ» болады екен.

(Жалғасы бар)

Әділхан ИМАНӘЛІҰЛЫ,

«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы

Қайнар көзі: muslim.kz
Тегтер: басты тақырыпдіни ағымТәңіртәңіршілдіктенгрианствошаманизм
Бөлісу3Твитерге2Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мәшһүр Жүсіптің көзқарасынша Әз-Наурыздың шығу тегі
Қоғам

Мәшһүр Жүсіптің көзқарасынша Әз-Наурыздың шығу тегі

20.03.2023
Жаһандану процессіндегі өркениет дамуының аспектілері
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

Жаһандану процессіндегі өркениет дамуының аспектілері

16.03.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Исатай Бердалиев. Көп адам түсіп қалатын шайтанның тұзағы

Исатай Бердалиев. Көп адам түсіп қалатын шайтанның тұзағы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • 2023 жылғы Ораза кестесі (барлық қалалар бойынша)

    2023 жылғы Ораза кестесі (барлық қалалар бойынша)

    262 рет бөліскен
    Бөлісу 104 Твитерге 65
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    5327 рет бөліскен
    Бөлісу 2131 Твитерге 1332

Соңғы жарияланымдар

Оразаның ақыреттегі пайдасы қандай?

21.03.2023
0
Ұстаған оразам ақыретте маған шапағатшы бола ала ма?

Толығырақ оқу

Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

21.03.2023
0
Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

Толығырақ оқу

Төлеби ОСПАН: Діни сауатсыздық – діннің де, мемлекеттің де қас жауы!

21.03.2023
0
Төлеби ОСПАН: Діни сауатсыздық – діннің де, мемлекеттің де қас жауы!

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00