Дұрыс айтасыз. 2014 жылы 18 тамыздаАстанақаласы прокурорының арызы бойынша, Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты «Ат-такфир уаль-хиджра» халықаралық ұйымын экстремистік деп тану және оның Қазақстан Республикасы аумағындағы қызметіне тыйым салу жөніндегі шешімі шығарды. Бүгінде аталмыш сот шешімі заңды күшіне еніп отыр. Бұл туралы «Сот шешіміне орай, «Ат-такфир уаль-хиджра» халықаралық ұйымының қызметіне қандай да бір қатыстылық (қызметіне қатысу, қаржыландыру, идеологиясын насихаттау және т.б.) заң бойынша белгіленген жауапкершілікке әкеліп соғады»,-деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Осы шешімді шығару кезінде аталған ұйымның экстремистік бағыттағы қызметі жөніндегі қолда бар материалдармен қатар сотпен «Ат-такфир уаль-хиджра» халықаралық ұйымының қызметіне басқа елдердің де тыйым салғаны ескерілген. Мәселен; Ресей Федерациясы, Қырғызстан, АҚШ, Түрік Республикасы және Еуропалық одақта аталмыш кереғар ұйымның іс-қимылдарына заңмен тыйым салын.